Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сербия «Спутник V» өндіре бастайды

Сербия «Спутник V» өндіре бастайды

Алдағы бес, алты ішінде Сербия өз аумағында ресейлік «Спутник V» вакцинасынның 4 миллион дозасын өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап. Бұл туралы бейсенбі күні Санкт-Петербургтегі Халықаралық экономикалық форум жұмысына қатысқан Сербия үкіметінің Инновациялар мен технологиялар министрі, Ресеймен ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комитеттің басшысы Ненад Попович мәлім етті. «Вакцинаны өндіретін субстанция жаңа ғана Шеремьетево әуежайына жеткізілді және бүгін түстен кейін Белградқа 2-8 градус аралығындағы температурада арнайы контейнерлермен жіберіледі. Әрине, Сербия өңірдегілердің барлығына көмек көрсетеді, артынша әлемге де. Бірақ бірінші кезекте вакцинаны Сербия азаматтары алмақ», - деді Попович. Субстанцияны алғаннан кейін белградтық «Торлак» вирусология, вакциналар мен сарысулар институты вакцинаның өндірісін 4 маусым күні бастайды. Мамырда ресейлік Н.Ф. Гамелея атындағы Ұлттық зерттеу орталығы Торлак институтынан алынған «Спутник V» препаратының сынамасының сапасын растап, оның аталмыш мекемеде өндірілуін мақұлдады. Сербия азаматтары Pfizer, Sinopharm, AstraZeneca және «Спутник V» вакциналары арасында таңдау жасай алады.

https://www.inform.kz​​​

04 маусым 2021 ж. 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031