Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасын бірігіп өндіруге келісті

Қазақстан коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасын бірігіп өндіруге келісті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) әлемде алғашқы тіркелген коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын тіркеп, сондай-ақ оны өндіру және тарату рәсімін жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, – деп хабарлады ҚазАқпарат. Келісімге бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФТИҚ Бас директоры Кирилл Дмитриев қол қойды. Қазақстан Республикасының реттеуші органдары қажетті рәсімдерді аяқтағаннан кейін Ресей Федерациясы технология трансферін жүргізеді және ел аумағында «Спутник V» вакцинасының кемінде 2 млн дозасын өндіруге арналған субстанцияны жеткізеді. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен Қазақстан Республикасының аумағында «Спутник V» вакцинасын шығаратын зауыт салу туралы келісті. Бұл Келісім екіжақты қарым-қатынасқа серпін береді, сондай-ақ коронавирус инфекциясы пандемиясымен тезірек күресуге мүмкіндік туады деп сенемін», – деді А.Цой. «РФТИҚ мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімнің арқасында халыққа адамның аденовирустық векторларының тексерілген және жақсы зерттелген платформасында құрылған тиімділігі 91% асатын коронавирусқа қарсы вакцина қолжетімді болады. Қазақстан аумағында «Спутник V» вакцинасын шығару логистикалық шығындарды азайтуға және қысқа мерзімде вакцинаны медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екі ел арасында технологиялық, ғылыми және медициналық тәжірибе алмасу кеңейеді», – деді РФТИҚ Бас директоры К. Дмитриев.
05 желтоқсан 2020 ж. 424 0