Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Финдер ауадан тамақ жасап шығарды

Финдер ауадан тамақ жасап шығарды

Фин ғалымдары ауадан тамақ жасап шығарды. Солеин аталатын тағам 65 процент ақуыздан тұратын сары ұн. Мұны жасау үшін көмірқышқыл газ, микробтар, су, қоректік заттар, витаминдер, электр және шағын биореактор қажет. Осындай қоспалардан дайындалған тағамды нан немесе өзге де тамақтарға қосып жеуге болады екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл ет пен сүтті алмастырып ғана қоймай қоршаған ортаны тазартуға да көмектеседі. Ең бастысы, солеинды далада жер жыртып, дән егіп емес зертханада жасап шығара беруге болады. Жергілікті билік стартапқа көп үміт артып, 5 миллион доллар көмек қаржы бөлді. Солеин нарыққа 2023 жылы шығуы мүмкін.

11 наурыз 2021 ж. 609 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31