Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Tesla серфингке арналған тақтайша шығара бастады

Tesla серфингке арналған тақтайша шығара бастады


Илон Масктың компаниясы санаулы мөлшерде серфингке арналған тақтайшалар шығарды. Ал олардың бағасы бірнеше мың долларды құрайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
Tesla нарыққа тағы бір ерекше зат жасап шығармақ. Бұл жолы қызметкерлер толқындарды бағындыруға арналған тақтайша жасап шығарды. Компанияның фирмалық дүкенінде аталған тақтайшалар бірнеше мың долларға сатылып жатыр. Мұндай ақпарат Mashable.com сайтында жазылды.
Тақтайшалар бірнеше түспен өңделген. Сондай-ақ, бұйымда Tesla белгісі бар. Небәрі бірнеше сағаттың ішінде тақтайшалардың көп бөлігі сатылып кетті. Тапсырыс берушілер жаңа өнімді бірнеше күн ішінде алады. Ал асығыс қол жеткізгілері келетіндер eBay-ден 4 мың долларға сатып ала алады.
Baq.kz



01 тамыз 2018 ж. 930 0