Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек мигранттары үшін ең тартымды ел аталды

Еңбек мигранттары үшін ең тартымды ел аталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының төрттен біріне жуығы жұмыс істеу үшін Канаданы таңдайды. Сондай-ақ респонденттер АҚШ, Австралия және Германияны жұмыс істеу үшін тартымды елдер деп есептейді, деп хабарлады ТАСС зерттеуге сілтеме жасап. «Канада еңбек мигранттары үшін АҚШ-тан асып түсіп, ең тартымды елге айналды», - делінген зерттеуде. Зерттеушілердің мәліметінше, оны респонденттердің 24%-і таңдаған. 2014 және 2018 жылдары жүргізілген зерттеулерде Канада мигранттар үшін танымал елдер рейтингінде үшінші, ал бірінші орында дәстүрлі түрде АҚШ тұрған. 2020 жылы Америка Құрама Штаттары еңбек мигранттары үшін екінші тартымды ел болды, респонденттердің 20%-і АҚШ-ты таңдады, дәл сонша адам Австралияны таңдады. Ал 19%-і Германияға, 14%-і Ұлыбританияға немесе Жапонияға жұмыс үшін көшіп барғанды жөн санайды. Сауалнама 190 елде 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында орта есеппен 20 мен 40 жас аралығындағы 209 мың қатысушының арасында жүргізілген.
04 наурыз 2021 ж. 436 0

Қоғам

БАҒДӘУЛЕТТІҢ БӘСІ БИІК

08 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930