Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар өсімдіктен энергия алу жолын тапты

Ғалымдар өсімдіктен энергия алу жолын тапты

Израилдік ғалымдар өсімдіктен сутегін алудың жолын тапқанын мәлімдеді. Олар жаңа технологияның өсімдікті энергия көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретініне сеніп отыр. Тың жаңалық Тель-Авив университетінің зертханасында ашылды. Бұл бағыттағы зерттеуге қатысты жүргізілген тәжірибе барысында ғалымдар микробалдырды пайдаланған болатын. «Кез келген құрылғыны энергия көзіне қосу үшін қосатын нүктені табу керек. Өсімдікке келгенде біз мұны қалай істерімізді білмедік»,- деп ағынан ақтарылды жаңғыртпалы энергетика бойынша университет зертханасының жетекшісі Ифтах Якоби. Олар тәжірибеде микробалдырға гидрогеназа энзимін енгізді. Бұл өз кезегінде энергия көзі ретінде белгілі сутегін белсенді түрде істеп шығаруға ықпал етеді. Гидрогеназа – қалпына келу реакциясы барысында түрлі қосындыларға сутегінің қосылуын катализдейтін (ыдырату арқылы) фермент. Бұрынғы тұжырымда балдыр сутегін тек таң алдында ғана осындай реакция білдіріп бөледі деп есептеліп келген еді. Израилдік ғалымдар қадағалай келе бұл процестің дәстүрлі фотосинтезбен қатар күні бойы жүретініне көз жеткізген болатын. Израилдік ғалымдар генетикалық құралдың көмегімен мұндай сутегін істеп шығаруды 400 пайызға дейін арттыра алды. Десе де израилдік ғалымдар аталмыш технология толық қолданысқа енуі үшін әлі 20 жыл қажет болатынын алға тартып отыр. Бұл бағыттағы зерттеу барысы мен нәтижесі Energy & Environmental Science мерзімді басылымында жарияланды.


21 маусым 2020 ж. 822 0