Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар тісті қайта өсірудің жолын тапты

Ғалымдар тісті қайта өсірудің жолын тапты

Ғалымдар ересек адамдарға тісті қайтадан өсірудің жолын ойлап тапты. Адам өмірінде тіс екі-ақ рет қана өсетіні белгілі. Олар тәжірибені тұщы суды мекендейтін балықтарға жасап көрген. Зерттеу жұмысы Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды. Америкалық биологтар балықтардың эпителий ұлпасын зерттеген. Ғалымдар балықтың ұрығына химиялық ерітінді қосу арқылы ұлпалардың дамуын бақылады. Тіс жаңа туылған балықта бесінші, алтыншы күні-ақ пайда бола бастайды. Мамандардың балыққа жасаған тіс өсіру тәжірибесі сәтті болып, тұщы суды мекендейтін балықтар тіске үйреніп, олардың ағзасы жаңа тісті қабылдапты. Биологтар балық пен адамға тіс жақ сүйегінен дамитын эпителий ұлпасы арқылы өсетінін айтып отыр. Олар, сондықтан да бұл әдісті адамдарға қолдануға болады деп есептейді. Дегенмен ғалымдар қан тамырлары мен жүйке жүйелерінің жаңа ағзаға қалай әсер ететінін де есепке алу керектігін ескертті.

Massaget.kz
26 шілде 2018 ж. 2 687 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031