Үйге арналған, киімді химиялық жолмен тазалайтын шкаф
Samsung компаниясы IFA 2019 көрмесінде AirDress киімді үйден химиялық жолмен тазалауға арналған шкафты жұрттың назарына ұсынды.
Киімді ретке келтіру бойынша мынадай функцияларды орындайды: шаң-тозаңнан тазартады, бумен тағы бір мәрте тазалайды, қыртыс жерлерін азады, жағымсыз иісті кетіреді. Алайда, осы заманғы тұрмыстық бұл техниканы сатып алуға екінің бірінің жағдайы келе бермес, өткені, оның бағасы – 1400 доллар тұрады. Jet Steam-ның мына функциясы жұрттың көңілінен шықты: киімнен дақты кетіре отырып, зиянды заттарды, бактерияларды жоятын аса қуатты бу қысымымен тазалай алады. Ал Wrinkle Care үйесі бу мен ауаны ұштастыра отырып, жүннен тоқылған киімдердің қыртысын 100 пайызға дейін, ал викозды талшықты матадан тігілген киімдердің қыртысын 80%-ға дейін жазады. Heatpump Drying технологиясы заттарды төменгі температурада еш жерін бүлдірмей кептіру үшін пайдаланылады. Бұдан бөлек, бу шкафында киімнен жағымсыз иісті кетіретін сүзгі бар. AirDress алдағы уақытта смартфон қосымшасы арқылы басқарылатын SmartThings ақылды үй жобасына кіріктірілуі мүмкін.
http://islam.kz