КИІМДЕГІ ТҮЙІРШІКТЕН ҚАЛАЙ АРЫЛУҒА БОЛАДЫ
Киімді ұзақ уақыт бойы кисеңіз, түйіршіктер пайда болып, көркі бұзылатыны анық. Бұл әсіресе тоқылған бұйымдар мен жүннен жасалған материалдарға тән. Ангор жүні мен мохерден тігілген киімдерді киетін адамдар бған жиі бас ауыртады, десе де бұл түйіршіктерден арылуға әбден болады.
Киімнен шиыршықталған түйіршіктерді қалай алу қажет
1. Әдістің ең қарапайым және шығынсыз түрі жинақталған түйіршікті қолмен жұлу. Бұл нұсқа түйіршіктер көп болмаған жағдайда іске асады. Маникюрге пайдаланатын қайшыны да пайдалануға болады.
2. Тығыз, тегіс емес матадан жасалған бұйымды қырынуға арналған құралмен тазалауға болады. Мұны түйіршік көп әрі ұсақ болса жасау мүмкін. Киімді тегіс жерге жайып, қолмен материалды созып, әрі қарай сақтықпен тазалау қажет. Матаны кесіп алмау үшін қатты батырмау керек.
3. Киімге арналған тазалағышпен. Кез келген тұрмыстық заттар сататын дүкендерден мұндай тазалағышты сатып алуға болады. Пальто, пиджактан ұсақ қылдарды, қоқыстарды тазалауға да болады. Міне, осы құралмен түйіршіктерді де алу мүмкін.
4. Егер жағдайды түзеуге мүмкіндік те, ниет те болмаса, ең оңай әдіс – киімді химиялық тазартуға беру. Ол жердегі мамандар түйіршіктерді алып, киімді тазартады.
5. Тоқылған киімнен жиналып қалған түйіршікті қарапайым тіс щеткасының көмегімен тазалауға болады. Жәшіктен ескі щетканы тауып алып, киімді тартып тұрып, тазалау керек.
6. Кәдімгі скотчтың көмегімен. Жабысқақ лентаны түйіршік бар жерге жабыстырып, сосын бірден жұлып алу қажет. Мата, әрине, бүліне қоймас, ал түйіршік пен қоқыс скотчта қалады.
7. Түйршікті жоятын машина сатып алу. Бұл құрал кез келген тұрмыстық техника сататын жерден табылады. Сырт келбеті ерлердің қырынатын құралдарына ұқсайды. Ол кез келген матадағы ірілі-ұсақты түйіршіктерді кетіре алады.
Киімде түйіршік аз пайда болуы үшін оны жұмсартқыш кондиционер қосып жуған дұрыс.
Дереккөз: Flytothesky.ru