Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексика президенті өз ұшағын ұтысқа тікті

Мексика президенті өз ұшағын ұтысқа тікті

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор өз ұшағын ұтысқа тікті, деп хабарлайды «Хабар 24». Boeing-787 оған бұрынғы президенттен қалған екен. Алайда, қазіргі мемлекет басшысы оны «жемқорлықтың белгісі» санайтынын айтады. Сондықтан әуе кемесін сатпақ болған. Алайда, 130 миллион доллар тұратын лайнерді алатын ешкім табылмапты. Сөйтіп, президент оны ұтысқа тігіп, лотерея ойнатпақ болған. Билет құны – 500 песо, яғни шамамен 9 мың теңге. 100 жеңімпаз бір миллион доллардан алады. Қалған ақша ұшаққа қызмет көрсету шығындары мен денсаулық сақтау саласының қажеттілігіне жаратылады. Жеңімпаздар 15 қыркүйекте, яғни Мексиканың тәуелсіздік күні қарсаңында белгілі болмақ. Андрес Мануэль Лопес Обрадор, Мексика президенті: - Лотерея билеттерінен түскен ақшаның бір бөлігі мемлекеттік ауруханаларға қажетті жабдық сатып алуға жұмсалады. Сондықтан мен тұрғындарды атсалысуға шақырамын.

https://24.kz


13 наурыз 2020 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930