Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Марс бір жарым сағатқа «жоғалып кетеді»

Марс бір жарым сағатқа «жоғалып кетеді»

Бүгін Солтүстік Америка тұрғындары ерекше астрономиялық құбылыстың куәгері бола алады, деп хабарлайды «Хабар 24». Марс шамамен бір жарым сағатқа «жоғалып кетеді». Мамандардың түсіндіруінше, осы уақыт бойы қызыл ғаламшар Айдың артынан көрінбей тұрады екен. Негізі, биыл мұндай құбылыс 5 рет тіркеледі деп күтілуде. Алайда тұрғындар тек осы бүгінгі көріністі ғана тамашалай алады екен. Мамандардың айтуынша, ол үшін ең бастысы күн ашық болуы керек. Канаданың Торонто қаласындағы Йорк университетінде телескоп орнатылып, ерекше астрономиялық құбылыстың трансляциясы жүргізілетін болады. Элайна Хайд, Йорк университетінің физика және астрономия профессоры – Марс пен Ай бір-біріне жақындап, қозғала бастайды. Ақырында Ай Марсты жауып қалады. Бұл құбылысты Канададан бақылауға болады. Ең бастысы, күн райы қолайлы болуы керек.

https://24.kz

18 ақпан 2020 ж. 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031