Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ақылды» қару жасалады

«ақылды» қару жасалады

Америкалық әскери мамандар бүгінгі таңда нысанасына дәл тиетініне кепілдік беретін атылатын «ақылды» винтовка құрастыруды қарастырып жатыр. Ықтимал бағалауды, яғни, нысанағы дәл тию ықтималдығын арнайы бағдарлама қамтамасыз етеді. Винтовка — SIG Sauer и Smart Shooter мамандарының ізденіс нәтижесінен пайда болып отыр. Ол келесі буынға арналған футуристік қару-жарақта пайдаланылатын атуды басқару жүйесін жасау талпынысынан пайда болды. Егер әскерилер аталмыш технологияны мақұлдайтын болса, ол 2023 жылдан бастап қорғаныс саласындағы қарулану бағдарламасы бойынша сарбаздардың қолына ұстатылады. Осылайша оқты үнемдеп қоймай, көздегенін мүлт жібермеу арқылы жаудың мысын басуды мақсат етпек. Аталмыш жүйе арнайы батырманың көмегімен іске қосылады. Яғни, жасанды интеллекті іске қосылып, нысананы талдау арқылы «бұйрық» береді. Әзірге жоба авторлары бұл технологияны жетілдіре бермек.

islam.kz
03 ақпан 2020 ж. 466 0