Әлемдік БАҚ-ты шулатқан Тасболат Атыраудың тумасы
BAQ.KZ. Бірнеше жыл бұрын интернет желісінде Оңтүстік Осетиядағы қарулы қақтығыс кезінде грузиндік әскери колоннаның жолын бөгеп жалғыз өзі тоқтатқан сарбаздың суреті біраз адамдарды таң қалдырған болатын.
Жуырда Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Алдар Дамдинов Facebook желісінде пост жариялап, суреттегі ержүрек азамат – Тасболат Ибрашев есімді қазақ жігіт болуы мүмкін деген ой білдірді.
Осы күнге дейін сол әйгілі фотодағы сарбаздың есімі Бато Дашидоржиев деп есептелді. Ол, осы оқиғадан кейін болған ұрыстардың бірінде қайтыс болды деп саналатын. Шетелдік БАҚ-тарда бұл сурет "300 қажет емес – біреуі де жетеді" деп аталды, бұдан басқа ержүрек сарбаз туралы ешбір дерек жарияланбады.
Бұл жағдайдың орнын толтыруға ресейлік Мемлекеттік Думаның депутаты Алдар Дамдинов кірісіпті. Ол, суреттегі сарбаздың көзі тірі екенің, осы күндері оның Астрахан өңірінде тұрып жатқандығы туралы жазды. Алайда ол бұрын жазғылғандай бурят емес, қазақ екенің, оның есімі Тасболат Ибрашев екендігін жазды. Әйгілі сарбаз әскерге Астрахан өңірінен шақырылғанымен Гурьев (бүгінгі Атырау) облысы, Новобогат (бүгінгі Исатай) ауданы, Аққыстау ауылының тумасы болып шықты. Әрі қарай, Алдар Дамдинов Тасболат Ибрашевтің өзі айтып берген оқиғаны жазады.
Сол күні мен Шешен Республикасы Шали елдімекенінде тұрған 70-ші мотоатқыштар полкінің құрамында болғанмын, бұл № 23132 әскери бөлімі. Рота командирі аға лейтенант Дьячковский, Грузия шекарасында орналасқан бітімгершілік күштер бағытында қозғалатынымыз туралы айтты. Сол түнді грузиялықтар жағындағы далада қайта топталуды күтумен өткіздік. Бірақ олар ол жерде болмады. Кейін біздің рота Гори қаласының маңында тұрды. Бірнеше күннен кейін біздің блокпостқа полковник Штанденко (нақты есімде жоқ) келді. Ол өзіне оқшашаршыны, оқшашаршы көмекшісін және атқышты беруге бұйырды. Сол кезде блокпосттағы жалғыз оқшашаршы мен болатынмын. Төртеулеп біздер грузиндік жолға қарай беттедік, сол кезде грузиндік әскери колоннаны кездестірдік. Полковник олармен сөйлесуге кетті де, маған ешбір жағдайда орнынан қозғалма деп бұйырды. Осы уақытта мен грузин колоннасына қарама-қарсы жалғыз қалдым. Менің екі серіктесім жолдын бойындағы қойтастың жанында орналасып алды. Осы сәтте грузиндік колонна жағынан "Өткізіп жібер!", "Жолдан кет!" деген айқайларды естідім. Мен оларға менде бұйрық бар, кете алмаймын деп жауап бердім. Бернеше сәттен кейін колонна кері бұрылып қайтып кетті - дейді жігіт Алдар Дамдиновке.
Тасболаттың айтуы бойынша бірнеше жылдан соң ол өз фотосын Желіден көріпті, алайды суреттегі сарбазды басқа есіммен атағанын таң қалған екен.
Дамдинов, өзінің постында Ибрашевтің Грузия мен Оңтүстік Осетия аумағындағы жауынгерлік қақтығыстарға қатысу туралы жазуы бар әскери билеттің фотосын тіркеген.
Оның айтып берген оқиғасы тек қана қызу шиеленіс орнында болған адамға тән таңғажайып жайттерге толы. Әрине, оны деректі түрде растау қажет, бірақ оның әскери билетіне сенсек, оқиға шындыққа жанасады, - дейді Дамдинов.
Сонымен қоса депутат бұл оқиғаға әлі де нүктенің қойылмағаның және оның РФ Қорғаныс министрлігіне тисті сұраныстың жіберетіндігі туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, Тасболат Ибрашевтің қазақ екені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.