Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарақшылар Бенин жағасынан теңізшілерді ұрлап кетті

Қарақшылар Бенин жағасынан теңізшілерді ұрлап кетті

BAQ.KZ. Қарақшылар Бенин жағасында аялдап тұрған норвегиялық құрғақ жүк таситын кемеге шабуыл жасап, экипаждың 9 мүшесін ұрлап кетті.

Reuters хабарлауынша, теңіз қарақшылары Бенин жағасында аялдап тұрған JJ Ugland компаниясына тиесілі норвегиялық MV Bonita кемесін шабуылдаған.

Оқыс оқиға 2 қараша күні кеме зәкірде тұрған кезде болған. Қаскөйлер кемеге шабуыл жасағанымен қоймай, экипаждың 9 мүшесін ұрлап кеткен. Кейіннен кеме Котону қаласындағы портқа келіп аялдады, - делінген хабарламада.

Қазір норвегиялық компанияның апаттық-құтқару қызметі жағдайды бақылауға алып, жоғалған теңізшілердің туыстарымен және үкіметпен байланыста.

Ұрланған теңізшілердің азаматтығы туралы ақпарат жоқ.


04 қараша 2019 ж. 1 076 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930