Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сағатына 140 км": 8 жастағы бала көлікті ұрлап, қатты жылдамдықпен айдап кеткен

"Сағатына 140 км": 8 жастағы бала көлікті ұрлап, қатты жылдамдықпен айдап кеткен

8 жастағы бала көлікті ұрлап, қатты жылдамдықпен айдап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Independent басылымына сілтеме жасап.

Германиядағы Зост қаласында 8 жасар бала анасының көлігін ұрлап, қыдыруға кетіп қалған. Келіншек 21 тамызда ұлының үйде жоқ екенін байқап қалып, артынша көліктің де тұрақта болмағанына көз жеткізген. Содан кейін, анасы бірден полицияға хабар береді.

50 минуттан кейін мамандар кішкентай қашқынды тауып алған. Ол көлікті тұраққа қойып, апатты байқататын шамдарды қосып, апатты жағдайда қойылатын белгіні шығарыпты.

"Мен кішкене қыдырайын дегенмін", - дейді бала.

Оның жолға шығып, қатты жылдамдықта жүргені белгілі болды. Көлік сағатына 140 киллометр жылдамдықпен жүрген кезде оның мазасы қашып, көлікті тоқтатқан. Оқиғада зардап шеккендер жоқ.

Баланың анасы ұлының үнемі картингте және "Автодром" деп аталатын әткеншектерде ойнайтынын айтты. Оқиғаға дейін балаға есіктің алдында көлік айдауға рұқсат берілген.
23 тамыз 2019 ж. 916 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031