Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда қарлығаштың ұясы 3000$ тұрады (ФОТО)

Қытайда қарлығаштың ұясы 3000$ тұрады (ФОТО)

Малазияда қарлығаштың ұясын «ақ алтын» деп атайды. Қазақ ұғымындағы «әулие құстың» үйін малазиялықтар қытай базарында саудалап кәсібін нәсіп етіп отыр.
Қытайда қарлығаштың ұясы 3000$ тұрады (ФОТО)

Қытай халқы қарлығаштың ұясын бұзып, оны азық қылуды осыдан мың жыл бұрын бастаған. Біз кие тұтатын құстың ұясынан дәмді деликатес жасап, меймандарды таң қалдырып жүрген де солар.
Малазияда қарлығаштың ұясын «ақ алтын» деп атайды. Қазақ ұғымындағы «әулие құстың» үйін малазиялықтар қытай базарында саудалап кәсібін нәсіп етіп отыр. 1 кг – 3000$ басталады. 
Алақандай ғана болатын ұяны қолға түсіруде оңай шаруа емес. Үңгірді пана қылатын қарлығаштар тұрағын тік жартастың биіктеу жеріне салады. Ал оны теріп алу арнайы жаттыққан адамдардың немесе құзға өрмелеушілердің ғана еншісінде. 
Ең өкініштісі құйрығы айыр келетін құстық ұясын көктемнің алғашқы айларында немесе балапандарының жүні жаңа жетіліп жатқан «ақүрпек» шағында жинап алады. 
Көршілес Қытай еліне барсаңыз қарлығаштың ұясынан әзірленген сорпадан дәм татуға батылыңыз жете ме?! Десекте, олар біз көріп жүрген шөп пен балшықтан ұя салатын құс емес. Аузынан шыққан сілекейінен үй тұрғызатын «жаңбырлы қарлығаш». Осы жаңбырлы қарлығаштың сілекейі «ерекше дәмді, айрықша пайдалы» дейді. Сондықтанда қытай елі қарлығаштың ұясын қастерлі тағам санайды.
Мөлдір Арман


31 қазан 2019 ж. 2 656 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (9265)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031