Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан әлем чемпионы жол апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түсті

Бокстан әлем чемпионы жол апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түсті

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TMZ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, Ferrari көлігін тізгіндеген боксшы қазанның 10-ына қараған түні Далласта жол апатына ұшыраған.
Полиция мәліметінше, Спенстің көлігі апат кезінде кемінде 5 рет аударылған. Боксшы жоғары жылдамдықпен келе жатқан екен. Сонымен қатар ол қауіпсіздік белдігін тақпаған. Әзірге апат кезінде боксшының мас болған-болмағаны белгісіз.
Қазіргі уақытта Спенс қарқынды ота бөлімінде жатыр. Ол тірі. Алайда қандай жарақат алғаны әзірге хабарланбады.
11 қазан 2019 ж. 578 0