Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрек жұмысына пайдалы тағамдар қатары аталды

Жүрек жұмысына пайдалы тағамдар қатары аталды

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық алдын алу медицинасы ғылыми-зерттеу орталығының мәліметінше, жүрек жұмысына кептірілген өрік, бұршақ, жаңғақ, құс еті, балық пайдалы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

Жүрек ауруларын болдырмау үшін майлы ет пен қантты шектеу ұсынылды. Оның орнына күніне көкөністер мен жемістерден кем дегенде 400 грамм жеу қажет. Сонымен қатар, калий мен магний көп тағамдарды диетаға қосуға кеңес берді.

Бұрын жаңғақтарды күнделікті тұтыну семіздік пен оған байланысты аурулардың алдын-алу екені хабарланған болатын. Мұндай тұжырымды АҚШ-тағы Гарвард университетінің ғалымдары жасады. Зерттеуге денсаулық сақтау саласында жұмыс жасайтын 40 жастан 75 жасқа дейінгі 51 529 ер адам және 24-44 жас аралығындағы 238 386 медбикелер қатысты. Еріктілердің денсаулығына 20 жыл бойы бақылау жасалды.

Кез-келген түрдегі жаңғақтарды жиі қолдану аз салмаққа байланысты екені белгілі болды. Сонымен, қосымша жарты бөлік (бір порция - 28 грамм) төрт жыл ішінде салмақ алу қаупін екі килограмға азайтады. Жаңғақтың осындай мөлшері семіздік қаупін 15 пайызға төмендетеді.

Кардиолог мамандардың айтуынша, жүректің ұзақ қызмет етуі үшін майлы еттен бас тартып, қантты тұтынуды шектеу қажет.

Мамандар балық пен құстың етін көбірек пайдалануға, тамақ рационына кептірілген өрік, үрмебұршақ, жаңғақтар, кебекті нанды (олардың құрамында калий мен магний көп) қосуға, майлы емес, тәттілігі аз сүт және ашыған сүт өнімдерін таңдауға кеңес береді.

Үнемі үстелден көкөністер мен жемістерді үзбей, күніне кемі 400 грамм әртүрлі жеміс-жидек жеу қажет.

Ал тәтті кондитерлік өнімдер мен тәтті газдалған сусындарды азайтқан дұрыс, өйткені олардың калориясы тым көп болғандықтан, жүрекке ауыртпалық түсіріп, еш пайдасы болмайды.

Faktiler.kz сайты жүрек жайлы қызықты деректерді ұсынды:

- Жүрек күніне 100 мың рет тоқтаусыз соғып тұрады;

- Адамның ағзасындағы ең көп жұмыс атқаратын мүше – жүрек;

- Түшкірген кезде адам жүрек соғысы тоқтап тұрады;

- Жүректің күнделікті беретін қуатына, автокөлікпен 32 километр жол жүруге болады;

- Әйелдердің жүрегі, еркектерге қарағанда тез ұрады;

- Жүректің көлемін білгіңіз келсе, екі жұдырықты біріктіріңіз, бұл – сіздің жүрегіңіздің өлшемі;

- Оның салмағы орташа есеппен алғанда 280 грамм;

- Адамның жүрегі – дененің дәл сол жағында емес. Шын мәнінде, ол кеуденің ортасына қарай орналасады;

- Адамның оң жақ қолындағы қан қысымы, сол жақ қолдан жоғары;

- Жүрек өздігінен электр импульстарын шығара алады, сол себептен оны адамның денесінен бөліп тастаса, ол біраз уақыт бойы соғып тұрады;

- Жүрек 75 триллион жасушаны қанмен қамтамасыз етеді;

- Қан тек қана көзге жеткізілмейді;

- Қанның 5%-ы жүрекке, 15-20% миға, ал 22%-ы бүйрекке беріледі;

- Статистика бойынша, инфаркт ең жиі болатын күн – дүйсенбі екен;

- Адамзат тарихында, жүректің ауруынан қайтыс болған адамдардың саны, барлық соғыста қаза болған адамдардың санынан көп;

- Әлемдегі ең үлкен жүрек көк китте, оның салмағы 680 килограмм;

-1967 жылы 3 желтоқсанда Христиан Барнард есімді хирург, алғашқы болып, донорлық жүректі Луи Вашанның денесіне салды. Ол бұл жүрекпен 18 күн өмір сүрді;

- Эмбрионның жүрегі, жүктіліктің 4-ші аптасынан бастап соғады;

- Стетоскопты – француз дәрігері Рене Лаэннек ойлап тапты.

Айта кетейік, 35 жастан асқан әрбір адам өзінің салмағын, қан қысымын, қандағы холестерин мен глюкоза/қант мөлшерін қадағалап жүруі қажет. Егер көрсеткіштер нормадан ауытқып кетсе, кардиолог маманына жүгініп, жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларына тексерілу керек.

30 қыркүйек 2019 ж. 754 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930