Канадада дауыл салдарынан 500 мыңға жуық адам жарықсыз қалды
BAQ.KZ. Атлант жағалауына жақындаған Дориан дауылының салдарынан Канаданың шығысындағы Нью-Брансуик, Жаңа Шотландия және Эдвард ханзада аралы провинцияларында 500 мыңға жуық абонент электр қуатысыз қалды. Бұл туралы ria.ru сайтында хабарланды.
CTV жергілікті телеарнасы хабарлағандай, Дориан дауылы сенбі күні кешке пост-тропикалық дауыл болмай тұрып, Галифакс қаласына жеткен кезде әлсіреді.
Қатты желдің салдарынан ағаштар құлап, үйлердің шатыры ұшып, Галифакс қаласында құрылыс краны құлады. Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәліметтер жоқ.
Телеарнаның хабарлауынша, жексенбіде кең көлемде болған апаттың салдарын жоюға 700-ге жуық әскери қызметкер жұмылдырады.