Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адал ит қожайыны көз жұмған соң, 15 минуттан кейін өлді

Адал ит қожайыны көз жұмған соң, 15 минуттан кейін өлді

Шотландияның Аллоа қаласында адал ит қожайынының өлімінен кейін араға 15 минут салып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror сайтына сілтеме жасап.

25 жастағы Стюарт Хатчисон 8 жыл бойы ми рагымен күрескен. Оған бірнеше рет ота жасалып, химиотерапия курсынан өткен.

Осы жылдың мамыр айында Даниэль әйелімен бірге демалып жүріп өзін жайсыз сезінеді. Ер адамның қолы ауырып, тексерістен кейін дәрігерлер аурудың оның сүйегіне дейін таралғанын анықтайды. Диагноз туралы білген соң, Стюарт өмірінің соңғы күндерін туып-өскен үйінде өткізуді жөн көреді.

«Стюарттың үш иті болды. Алайда ол бәрінен де осы Нероны артық көретін еді. Екеуі үйде болған кезде бір сәтке де айырылысып көрмеген», - деді Стюарттың анасы Фиона Конаган.

Өмірінің соңғы күндерінде ер адам мен әйелі көзілдірік сындырып алады. Әкесі ерлі-зайыптыға көмектеспек болып, олардың үйіне көзілдірік алып кету үшін келеді.

Сол кезде үйдегі Неро атты иттердің бірі өзін жайсыз сезініп тұрғанын байқап, оны дәрігерге апарып тексертеді. Дәрігер жануардың омыртқасына зақым келгенін және оған еш көмектесе алмайтынын айтады. Артынша иттің қожайыны көз жұмғанына 15 минут өткен соң өлгені белгілі болады.
22 тамыз 2019 ж. 789 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (9265)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031