Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 жасар қыз танымал брендтің жөргегін кигеннен кейін денесі күйіп қалып, ауруханаға түсті

3 жасар қыз танымал брендтің жөргегін кигеннен кейін денесі күйіп қалып, ауруханаға түсті


Ұлыбританияның 3 жасар тұрғыны София жөргектің салдарынан 3-дәрежедегі күйік жарақатын алған. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Барнсли қаласында тұратын 32 жастағы Джемма Фри қызына жаңа жөргек кигізіп, ұйқыға жатқызған. Арада 8 сағат өткеннен кейін ол Софияны балабақшаға апару үшін оятады. Алайда осы кезде жамбасының қызарып тұрғанын байқаған екен. Қыздың терісінің жағдайы «минут сайын нашарлай бастапты».
Қорқып кеткен анасы Софияны бірден ауруханаға алып барады. Айтуынша, қызы 4 күн бойы палатада жалаңаш жатып, дәрігерлердің бақылауында болыпты. Себебі денесіне тиген кез-келген зат ауырсыну сезімін тудырады екен. Нәтижесінде Софияның денесінде күйік салдарынан тыртық қалып қалған.
Осы жылдың 21 қаңтарында The Mirror басылымында Аустралияда 2 жасар бала ұйықтап жатқан кезде, оның астындағы жаялық жарылып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Салдарынан сәбидің денесінде қауіпті заттар қалған. Дәл осы жайттан кейін Фри өз қызының басынан өткен жайт туралы айтуды ұйғарыпты.
Оқиғадан кейін зардап шеккен қыздың анасы Huggies компаниясына хабарласып, шағымданған. Алайда бренд өкілдері болған жағдай үшін жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартып, өнімдерінің адам денсаулығына зияны жоқ екенін мәлімдепті.
Stan.kz




25 қаңтар 2019 ж. 2 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9237)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (9236)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (9235)

07 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30