Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда Құрбан айт басталғалы қауіпсіздік күшейтілді

Түркияда Құрбан айт басталғалы қауіпсіздік күшейтілді

ТүÑкиÑда ÒÒ±Ñбан Ð°Ð¹Ñ Ð±Ð°ÑÑалÒÐ°Ð»Ñ ÒаÑÑпÑÑздÑк күÑейÑÑлдÑ
Түркияда Құрбан айт басталғалы бері қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел бойынша115 мыңнан астам жол полициясы жұмылдырылған. Тіпті әуеден бақылау үшін тікұшақтар іске қосылды. Алайда қабылданған шаралар жол апаттарының толық алдын ала қойған жоқ. Айттың екінші күнінде жол апатынан қаза тапқандардың саны 40-та асып, түрлі деңгейде жарақат алғандардың саны 200-ге жетті. Ірі қалаларда ұзын сонар кептеліс болып, апаттардың саны артқан. Елде мейрамға орай жолаушылар үшін қосымша ұшақ, пойыздар мен автобустар жолға шықты.

Айта кетерлігі, биыл түрік елінде 3,6 миллион мал құрбандыққа шалынады деген болжам бар.

Мұстафа Үнсал, Ыстамбұл тұрғыны:
– Ыстамбұлдың Еуропа тарапынан Азиядағы әуежайға 4 сағатта жеттім. Жылда айт мейрамдарында жағдай осындай. Алайда біз үшін Құрбан айт мейрамы – отбасымен қарсы алатын күн. Сондықтан алдын ала жолға шығып, туған жерлерімізге аттанамыз.

Синан Йылмаз, Анкара тұрғыны:
– Айт күндеріне талап көп болғандықтан, Арапа күніне дейін көлік таба алған жоқпын. Қосымша сапарлардың арқасында ата-анамның қасына баруға мүмкіндік алып отырмын. Ештен кеш жақсы демекші, бұл Құрбан айтты да жақындарыммен өткізетініме қуаныштымын.

Авторлары: Меруерт Қанағат, Гөкальп Йамен

24.kz
12 тамыз 2019 ж. 717 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (9265)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031