Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛЫНҒАН МАЛДЫҢ ҚАСЫНДА СЕЛФИГЕ ТҮСУГЕ БОЛА МА?

ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛЫНҒАН МАЛДЫҢ ҚАСЫНДА СЕЛФИГЕ ТҮСУГЕ БОЛА МА?




Құрбандыққа шалынған малдың қасында суретке түсу – шариғатқа қайшы амал деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айта кетсек, 21 тамызда бауырмалдыққа, татулыққа, мейірімділік пен қамқорлыққа шақыратын Құрбан айт мейрамы басталады.
"Астанада Құрбан айт намазы таңғы сағат 07:00-де оқылады деген шешім қабылданды. Айта кетерлігі, шариғатымызда күн найза бойы көтерілгеннен ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған, сапарға шықпаған әрбір мұсылман баласына айт намазын оқу міндетті амалдардың бірі саналады.
Ал 20 тамыз – Арапа күні. Намаз уақытылы басталатындықтан ертерек қам жасаған абзал", - дейді "Нұр Астана" мешітінің бас имамы, Астана қаласының өкіл имамы Асқар Мұқанов.
Мереке күндері әрбір шамасы жеткен мұсылман баласы құрбан шалып, Алла алдындағы міндетін өтейді.
"Осы тұста бір айта кететін нәрсе, қазір "селфи" деген шықты. Ол шариғатқа кішкене қайшы. Құрбан шалып жатқанын немесе шалынған малдың басын ұстап суретке түсу – бұл шариғатқа қайшы амал, мұндай әрекетке мұсылман баласы бармауы қажет.
Жастар сойылып жатқан малдың жанына барып, ағып жатқан қанды суретке түсіріп, оны әлеуметтік желілерге салып, әдепсіздік танытып жүргенін жылда көріп жүрміз. Бұл – дұрыс емес. Себебі, құрбан шалу – бұл Аллаға жақындау. Пенденің құрбан шалғанын бәріне жариялап, жар салып, суретке түсуі амалын әшкерелеп қойғанмен бірдей болады", — деп түйіндеді имам.
19 тамыз 2018 ж. 1 446 0