ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ТАМЫЗ АЙЫНДА ҚАНША КҮН ДЕМАЛАДЫ?
5/2 режимінде жұмыс істейтін жандар тамызда 10 күн демалады.
Құрбан айтты 21 тамызда, ал Конституция күнін – 30 тамызда тойлайтын боламыз.
Осыған орай, арнайы тағайындалған бұйрыққа сәйкес, сенбі, 25 тамыз - жұмыс күні боп жарияланып, қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалатын болады.
Яғни, 30-31 тамыз (бейсенбі және жұма), сондай-ақ, 1-2 қыркүйек - сенбі және жексенбі.
Жұмыс аптасы 3 қыркүйек күні - дүйсенбіде басталады.