Қытайда су тасқынынан 61 адам мерт болды
Қытайда толассыз жауын су тасқынына ұласып, 61 адам мерт болды. Тағы 14 тұрғын із-түзсіз жоғалған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қазір елдің оңтүстігінде лай көшкіні жүруде. Салдарынан 9300 баспана қирап қалған. Қауіпті аймақтардан 356 мың тұрғын өзге жерге көшірілді. Жергілікті билік табиғат апаты ел экономикасына 1,4 млрд АҚШ доллар шығын әкелгенін айтады. Жалпы жауын шашын мен лай көшкінінен елдің 8 провинциясында 4 жарым млн адам зардап шекті.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/321919-ytajda-su-tas-ynynan-61-adam-mert-boldy