Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Кореяда болашақтың көліктері таныстырылды

Оңтүстік Кореяда болашақтың көліктері таныстырылды

ÐÒ£ÑÒ¯ÑÑÑк ÐоÑеÑда болаÑаÒÑÑÒ£ көлÑкÑеÑÑ ÑанÑÑÑÑÑÑлдÑ

Халықаралық «Сеул мотор шоу» көрмесінде автокөліктің жаңа 22 нұсқасы ұсынылды. Байқауға қатысып отырған әйгілі өндірушілердің барлығы электмобильдер мен пилотсыз көліктерді әкелген. Арасында алты жолаушыны тасымалауға арналған пилостсыз электр-кар бар. Ол үздіксіз жеті сағат бойы жұмыс істей алады. Сондай-ақ азық-түлік таситын тоңазытқышпен жабдықталған электр-кар да жұрттың назарына ұсынылды. Төбесінде күн батареялары орнатылған көлік халықтың үлкен қызығушылығын тудырған. Олар аккумуляторды қуаттандырып, көлік оның күшімен тоқтамай бір мың 300 шақырым жол өте алады. Ли Чхоль, автокөлік шығарушы компанияның өкілі: - Осы жылдың екінші жартысынан бастап осы көліктерді шығара бастаймыз. Бағасын әлі айта алмаймын. Күн панельдері жанармай шығынын жүз шақырымға 5 литрге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы саладағы жаңалықтардың бірі – ақылды көліктер. Пилотсыз автомобильдер иелерімен сөйлесіп, жаяу жүргіншілерді қатер туралы ескертеді. Осындай көліктер жақын арада үйреншікті құралға айналатын түрі бар. Корея автокөлік шығарушылар қауымдастығы өкілінің мәлімдеуінше, 2035 жылға қарай елдегі автомобильдердің жартысы пилотсыз болмақ.

www.24.kz
04 сәуір 2019 ж. 833 0