Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Эйнштейн физиканы қалай оқыған еді?

Эйнштейн физиканы қалай оқыған еді?

Уолтер Айзексен жазып шыққан Альберт Эйнштейннің ғұмырнамасы ұлы физиктің интеллектуалдық жетістіктерін ғана емес, сондай-ақ оның жетістіктеріне жанама қатысы бар жайларды да: атақ-даңқын, соғысқа қарсы қам-қарекетін, отбасы ошақ қасындағы қиындықтарын да қамтиды. Алайда, ең қызықты мәлімет Эйнштейннің қалай оқығаны жөнінде айтылатын жеріне қатысты.

Эйнштейн қаншалықты ақылды болды?

Оның математика/физиканы «үшке» біліп, математика мектебін бітіре алмағаны Эйнштейн жайында ең көп айтылатын әңгімелердің бірі. Бұл расында болғаны-болмағанына қарамастан, аңызға айналып кететін қауесет тарихтардың бірі.
Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Эйнштейн кішкентай кезінен бастап-ақ математикаға өте жетік болған. Эйнштейннің өзі «Мен математикадан ешқашан құлап көрген емеспін. Он бес жасқа дейін дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді игеріп алдым» дейді. Алайда, ол уақытта Эйнштейн әлі кемеңгер болып саналмайтын. Айтпақшы, интернеттегі іздеу жүйесіне «Albert Einstein's matriculation certificate 1896» деп жазсаңыз, оның дипломының фотосуретін еш қиындықсыз-ақ тауып аласыз.

Эйнштейн математика мен физиканы қалай оқыды?

Эйштейннің физикаға қосқан үлесін ескерсек, бұл орынды сұрақ. Мұнда Айзексеннің кітабында айтылатын Эйнштейіннің кейбір әдіс-амалдары.

Оқып-үйрену мектепке баруға емес, қиын проблемаларды шешуге байланысты

Атағы жер жаратын ғалым берген тапсырманы жаттап алып жүруді және сабаққа баруды суқаны сүймейтін. Өзі айтқанындай, «Мен үйде көп ойнадым және теориялық физика майталмандарының еңбектерін оқыдым».
Он екі жасар кезінде оның «арифметикадағы күрделі мәселелердің түйінін ағытуға икемділігі болды» және оның ата анасы оған жаздай оқып зерделеуіне болатын озық математикалық оқулықты сатып алып берді.
Ол көпшілік барғанындай сабаққа құр барып жүрмеді, ол физиканы оқыды. Ол өз бетімен идеяларды және теңдеулерді ермек қылды. Сол кездің өзінде «тыңдағанша істе» оның басты қағидаты болды.

Сіз бір нәрсені дәлелдей алсаңыз, онда шынымен-ақ оны білесіз

Бір нәрсені түсініп алғаныңызды қайдан білесіз? Эйнштейннің әдісі кез келген пайымдаманы өзі дәлелдеуге тырысып көруінде еді. Бәрі оның кішкентай болған, Якоб көкесі «Пифагор теоремасын дәлелде» деп ұран тастаған, кезде басталды.
Эйнштейн былай деп есіне алған еді: «Көп күш-жігерімді жұмсап жатып, әйтеуір үшбұрыштар сықылды фигуралар негізінде мен ол теореманы ақыры «дәлелдедім».
Айзексеннің түсіндіруінше Эйнштейн теорияларды өздігінен дәлелдеуге тырысып жүріп, оларға шынымен ден қойды. Кәдімгі жолмен Эйнштейннің қаруына айналған физиканы зерделеудегі бұл тәсіл бәрінің іш құрылысын білуге деген әуестігі мен «табиғатты салыстырмалы түрде қарапайым математикалық құрылым арқылы түсініп алуға болады» деген сенімінің арқасында пайда болды.
Осының өзінен-ақ әйгілі ғалымның айрықша ынта-әуестігі мен интуициясы болғаны анық байқалады. Олар интелекттен гөрі көбірек болған болуы да мүмкін.

Интуиция мән-маңызы теңдеулерден де артық

Иә, оны интуитивті физик деп атаған дұрысырақ болар еді. Оған физикада интуитивтік тәсілді қолдануға жетелейтін Аарон Берштейнің кітаптарының ықпалы зор болды. Олар «қиялдағы ғарыш арқылы саяхат» немесе «жарықтың жылдамдығы» тақылеттес ойдан шығарылған суреттерге толы болды.
Эйнштейш интуициясын қалай дамытқан еді? Оның бұл жөніндегі ойлары интуиция — жас кездегі интеллектуалдық тәжірибенің нәтижесі дегенге келіп саяды. Оның кішкентай күнінде қалыптасқан теоремаларды дәлелдеу мен күрделі проблемаларды шешу әдеті өзінің қиялында абстрактті-визуалдық бейнелерді жасап отыру қабылетіне сеп болды.

Ойлану тыныш кеңістік пен терең зейінді қажет етеді

Эйнштейннің адам сенгісіз қабылеті болды. Оның баласының жазуынша: «Ең қатты жылаған баланың дауысы да әкемнің мазасын ала алмайтын. Ол жан-жақтағы шудың деңгейіне көңіл бөлмей жұмысын жалғастыра беретін».
Берндегі патенттік бюрода жұмыс істеп жүрген кезі туралы физиктің өзі былай дейді: «Мен бүкіл жұмысымды 2-3 сағат ішінде тындырып тастайтынмын. Қалған уақытта өзімнің идеяларымды жетілдіруші едім». Осы уақытқа дейін дамытып келген адам нанғысыз зейін қоя білушілігі шарықтау шегі (кульминациясы) «адамды әбден қалжыратқан төрт апталық естен адасушылық» болған жалпы салыстырмалық теориясын еңсеруге көмегі тиді. Алайда, бұл оның денсаулығына кері әсер етті.
Не десек те, ден қоюшылық пен жалғыздыққа деген құштарлығы оған талай шыңдарды бағындыруға мүмкіндік берді.

Ойша жасалған тәжірибелер арқылы идеялардың мәнін аңғаруға болады

Эйнштейн ойша жасалатын тәжірибелердің нақ жанкүйері болды. Оған еш шығындалудың қажеті жоқ және олар өте жылдам жасалушы еді. Оның ең танымал тәжірибелері «Эйнштейн парадоксы» мен «егіздер парадоксы» болды.
Барлық ойша тәжірибелері, өз кезегінде теориялармен және проблемалармен айналысу тәжірибесіне сүйенетін, физиканы интуитивтік тұрғыда түсіну негізінде кұрылған еді.

Шабыт достармен серуен құрып жүргенде келеді

Жалғыз қалу мен бір нәрсеге ғана зейін қоюшылық Эйнштейннің оқып, физикамен айналысуының маңызды компоненттері болса да, кұрған әңгіме-дүкендер мен серуендері оны өте жиі шабыттандырып отырды.
Хотя уединение и сосредоточенность были важными компонентами того, как Эйнштейн учился и занимался физикой, очень часто именно беседы и прогулки с людьми приводили его к озарениям.
Ескі досы Микеле Бессомен құрған серуені бұның ең белгілі мысалы бола алады. Арнайы салыстырмалық теориясымен басын қатырып жүрген кезде ол, серуендеп жүріп, досына теорияны түсіндіруге тырысып келе жатқан. Тауы шағылған ол мойығанын мәлімдеген. Алайда, кенеттен оған ой келді — ертесі күні ол Бессоғо проблеманы толықтай шешкенін айтқан еді.
Идеяларды басқалармен бөлісіп, оларды дауыстап талқылау кезінде жиі-жиі жаңа идеяларды табуға болады.

Бүлікші болыңыз

Эйнштейн ешқашан конформист (бәріне келісуші) болған емес. Оның бүлікшілік рухы бастапқы академиялық мансабына кесірін тигізді, бірақ үлкен-үлкен жаңалықтарды ашуына септігін де тигізді.
Ол физикада қабылданған барлық қағидалар мен дәстүрлердің жетегінде кетіп қалған жоқ. Ол, өзінің айтуынша, басқаша пікірді жаратпайтын неміс білім беру жүйесін жақсы көрмеді. Сіз Эйнштейннің ғұмырнамасын оқып-біле бастаған кезіңізде «ол кісімен интеллект тұрғысында теңесе алуыңыз неғайбыл, бірақ өз бойыңызда эйнштейндік табандылық пен білуге құмарлықты дамытып алуыңызға болады» деген маңызды ойға келуіңіз мүмкін.
Іске сәт!

http://bilim-all.kz


22 наурыз 2019 ж. 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930