Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білімді адамның өзі мына 10 сұраққа 10 секундта жауап беруге қиналады

Білімді адамның өзі мына 10 сұраққа 10 секундта жауап беруге қиналады


Эйнштейн айтпақшы, өмір салыстырудан құралады. Адамның ойлау қабілеті мен білімі оның IQ деңгейінің жоғары екенін білдірмейді. Себебі керемет білімді адамдардың өздері қарапайым сұрақтарға жауап бере алмауы мүмкін.
Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарын деңгейін білуі үшін арнайы 10 сұрақ дайындады. Бұл сұрақтарға сіз 10 секундтың ішінде жауап беріп үлгеруіңіз керек. Іске сәт!
1. Мен 4 жаста болғанда менің інім менен 2 жасқа жастау болатын. Мен қазір 18 жастамын. Менің інімнің жасы нешеде?
2. Айнұрдың анасының 3 қызы бар. Екеуінің аты Жаннұр мен Балнұр. Үшіншісінің есімі кім?
3. Джомолугманың шыңы бағындырылғанға дейін әлемдегі ең биік нүкте қай тау болды?
4. Екі ер адамға өзеннен қайық арқылы өту керек еді. Қайыққа тек бір ғана адам отыра алатын. Алайда екеуі де өзеннен сәтті өтті. Қалай?
5. Сен алған сайын, көбейе береді. Ол не?
6. Бизнесмен алманы  500 теңгеге сатып алып, 300 теңгеге сатты. Неге?
7. Оны тамаққа пайдалану үшін сатып алады, бірақ ешкім жемейді. Ол не?
8. Аралда түрмеге қамалған тұтқын қалай қашу керек екенін жоспарлайды. Бірақ ол жүзе алмайтын еді. Бірақ қашқын ешқандай құралды, яғни қайық немесе кемені  қолданбай қашып кете алды. Қалайша?
9. Мен қалаға келе жатқан кезде бір ер адам мен екі әйелді көрдім.  Екі әйелдің қолында мысық бар. Қалада басқа ешкім жоқ екен. Қалада жұрген адамдардың аяғының саны қанша болады?
10. Әйгерім Жанаттың артында, Жанат Әйгерімнің артында тұр.  Олар қалай тұр?
Сұрақтардың жауабы:

1. Менің інім 16 жаста.
2. Айнұрдың анасының үшінші қызы – Айнұр.
3. Джомалугма.
4. Екі еркек өзеннің қарама-қарсы жағында тұрды.
5. Қарыз алған сайын көбейе береді.
6. Бизнесмен бұрын миллиардер болған.
7. Қасық, шанышқы, тәрелке яғни ыдыс-аяқ.
8. Тұтқын қыс мезгілінде қашып кетеді.
9. Мер көрген адамдар қалаға келе жатқан жолда болатын. Ал қала тек мен жүргендіктен жауабы 2 аяқ.
10. Екеуі бір-біріне арқасымен қарсы тұр.
Егер жауап беруге еш қиналмаған болсаңыз сіздің  IQ деңгейіңіз жоғары болғаны. Ал кейбір сұрақтың жауабын білмесеңіз сізге осы секілді сұрақтарды іздеп, дайындалуыңызға болады. 
Дайындағаан : Әсел Өтешова
«Қамшы» сілтейді
12 тамыз 2018 ж. 1 198 0