Миллион теңгені қайда салуға болады: экономист кеңесі
Сіз бір миллион теңге жинақтадыңыз. Енді осы қаржыны қайда салу тиімдірек және қауіпсіз? Аталған сұрақтарға танымал қазақстандық бизнесмен және қаржыгер Бақыт Ниязов жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сарапшының пайымынша, бір миллион теңге инвестиция үшін айтарлықтай тиімді бола алмайды.
«Миллион теңге – бұл сома адамның күнделіктегі өмірдегі қажеттіліктерін орындауға қажет қаржы, алайда сіз барлық қажеттіліктеріңізді қанағаттандырып, миллион теңгені жинақтай алсаңыз, онда бұл қаржыны тиімді инвестициялау туралы ойластыра аласыз», - деді сөз басында Бақыт Ниязов.Осы ретте, сарапшы қаржыны қолданудың екі тәсілін ұсынып отыр.
«Бұл ретте аталған қаржымен «ойнауға» болады деген құрал мен үлкен пайдаға кенелу мүмкіндігін бөліп қарастыру керек. Қандай жағдай болғанда да сен өзіңнің қаржыңды сақтап қалатын және азын аулақ табыс алып келетін құралға құясын», - деп түсіндірді ол.Бақыт Ниязов айтып кеткендей, акцияға инвестициялау рационалды емес, себебі білікті ойыншылардың нарығында шағын инвесторлардың 95 пайызы өз қаржысынан бірден айырылады.
«Өз басым бір миллон теңгемен қор биржасына шықпас едім, әрине барлығы адамның мақсатына байланысты ғой. Егер білікті инвестор ретінде бұл сомаға математикалық есеппен қарайтын болсақ бұл жағдайда қаржыдан пайда табудан гөрі одан айырылып қалу мүмкіндігі басымырақ», - деді сарапшы.Инвестициялау – қиын және тәуекелге толы процесс. Ол әлеуметтік біліктілікті және психологиялық тұрғыда дайындықты қажет етеді.
«Биржада ойнауға кез келген адам бейім бола бермейді. Жалпы, әлеуетті тұрғыда «жеңіліс табуға» бейім болу ол ойын барысында табысқа жетуде негізгі фактор болып табылады. Бүгін адамның бір миллон теңгесі, ертең он миллион теңгесі болуы мүмкін. Алайда осында бейіні бар адамдардың үлесі тым аз. Ал егер ол миллон теңгені инвестициялаймын деп шешсе, қолдағы барынан айырылып қалуына алып келетін тәуекелдерге де дайын болуы керек», - деді сарапшы.Бақыт Ниязовтың пайымынша, инвестициялаудың ең дұрыс жолы жинақ бағдарламасына қаржыңды құю. Бүгінде олардың елімізде түрі өте көп.
«Менің түсінігімде осындай көлемдегі қаржыны рационалды қолдану – бұл тұрғын үй жағдайымды жақсарту. (...) Сонымен қатар бұл балаларың мен болашақ кәрілігін үшін қор жинауға мүмкіндік беретін түрлі сақтандыру өнімдері болуы мүмкін», - деп есептейді ол.Сонымен қатар, сарапшы егер клиентке аз уақытта қаржысын көбейтіп береміз деген ұсыныстар жасалса оған күдікпен қарауға кеңес береді.
«Миллион теңгеден қыруар табыс түсіруге болатыну туралы жарнамалар әрдайым алаяқтық болып келеді», - деп түйіндеді Ниязов.