Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда газ өндіру көлемі төмендеп барады

Өзбекстанда газ өндіру көлемі төмендеп барады

Биылғы қаңтар-ақпан айларында Өзбекстанда 7,7 млрд текше метр газ өндірілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға аз, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.


Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметінше, аталған аралықта республикада көмір – 3,4%-ға, ал мұнай өндірісі 7%-ға дейін төмендеген. Дегенмен бұл ретте газ конденсатының өндірісі 209,3 мыңнан 214,7 мың тоннаға дейін өсті.
Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның кәсіпорындарында 46,7 млрд текше метр газ өндірлген. Бұл ретте жыл ішінде өндіріс көлемі 9,4%-ға құлдырады.
Биыл «ӨзбекМұнайГаз» АҚ салаға 320 млн доллар инвестиция салып, 29,3 млрд текше метр газ өндіріп алуды жоспарлап отыр.
26 наурыз 2024 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31