Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Гамбургте өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

Гамбургте өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды



Гамбургтің Ротенбургсорт ауданындағы екі қоймадан өрт шықты. Жексенбі, 9 сәуірде өрт сөндіру қызметі ауаға түтін мен химиялық құрамдас бөліктердің таралу қаупі туралы ескертті.

Улы заттар солтүстік-шығыстан соққан желмен қала орталығына дейін жеткен.
Ресми ескертуде өрт пен түтін «өте қауіпті» санатқа жатқызылған. Гамбургтің солтүстік-шығысындағы тұрғындарды терезелер мен есіктерді жабық ұстауға және түтіннен қорғануға шақырды.
Deutsche Bahn төтенше жағдайға байланысты Гамбург пен Бюхен арасындағы теміржол желілерінде қозғалыс тоқтатылғанын хабарлады. Өрт сөндіру жұмыстарына байланысты жергілікті көліктің жұмысы да шектелген.
Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталуда.
2022 жылдың тамызында Берлиннің батысындағы Груневальд ауданында оқ-дәрілер мен пиротехникалық заттар қоймасында ірі өрт болды. Оның жалпы аумағы шамамен 42 гектарды құрады. Өрт орнына Германияның түкпір-түкпірінен құрал-жабдықтар әкелініп, оны сөндіруге 150-ге жуық өрт сөндіруші қатысты.
10 сәуір 2023 ж. 186 0