Дәріні ағзаға таситын гибридті робот жасалды
Израильдегі Тель-Авив университетінің зерттеушілері электр және магнит өрісін пайдалана отырып қозғалатын және адамның бір жасушасын анықтап, оны ұстай алатын микроробот жасады. Сарапшылар көлемі жағынан бір ғана биологиялық жасушаның өлшеміндей болатын микророботты қолдану ауқымы өте үлкен екенін айтады. Newatlas.com сілтеме жасап Aikyn.kz микророботтың жұмыс істеу қағидасын түсіндіреді.
Бактериялар мен сперматозоидтар сияқты биологиялық «жүзгіштердің» қимылдау заңдылықтарын пайдаланған зерттеушілер денеде автономды түрде немесе оператордың бақылауымен қозғалатын микроробот (ені 10 микрон) жасады.
Микромотор деп те аталатын микророботты қозғалысқа келтіру үшін магнит өрісін пайдалану ерекше жаңалық болды. Оған магнит пен дененің тіндері арасындағы тікелей жанасуды қажет етпейді. Оны дәл басқаруға болады және ол әртүрлі температура мен ерітінділерде жұмыс істей береді. Роботтың электрлік микро-қозғалтқыштары жүктерді таңдап тиеуге, тасымалдау мен түсіруге, электр энергиясын клеткаларға «деформациялық» әсер етуге қолдануға қабілетті.
«Осы уақытқа дейін электрмен жұмыс істеген микророботтар салыстырмалы түрде жоғары электр өткізгіштігімен сипатталатын белгілі бір физиологиялық орталарда тиімсіз болды», – дейді зерттеуші ғалым Гилад Йосифон. – «Бұл жерде қосымша магниттік механизм іске қосылады. Ол қоршаған ортаның электр өткізгіштігіне қарамастан өте тиімді».
Гибридті қозғаушы жүйе құрастырылғаннан кейін зерттеушілер микророботтың мүмкіндігін көрсете алды. Олар оны бір қызыл қан клеткасын, рак клеткаларын және бір бактерияны ұстау үшін қолданып, микроробот сау жасуша мен зақымдалған жасушаны немесе өлі жасушаны ажырата алатынын көрсетті. Жасушаны ұстағаннан кейін оны зерттеу үшін ағзадан сыртқа шығару мүмкіндігі де қарастырылған.
Гибридті микророботтың тағы бір артықшылығы – ол кез келген жасушаның күйін анықтай алады. Бұл таңбаланбаған жасушаларды анықтауда микророботтарды қолданудың алғашқы тәжірибесі.
Йосифонның айтуынша, жаңа құрылғы технологияны екі негізгі бағытта айтарлықтай дамытады: гибридті қозғалу және екі түрлі механизмді – электрлік және магнитті пайдалану арқылы навигация жасау. Сонымен қатар, жасушаның жағдайын анықтау, іздеу және сыртқы құралға жіберу үшін таңбалауды қажет етпей-ақ микроробот өзі зақымдалған клетканы тауып, оны ұстай алады.
Әзірше, микроробот адам денесінде сыналмаса да зерттеушілер оны көптеген салаларда қолдануға болатыны айтуда. Оны жақын арада табиғи ортада сынақтан өткізуге болады деп үміттенеді.
«Бұл технология жеке жасушалар деңгейінде медициналық диагностика жасауда, жасушаларға препараттарды немесе гендерді енгізу, генетикалық редакциялау, дәрі-дәрмектерді ағзадағы жеке клеткаларға жеткізу, қоршаған ортаны тазарту сияқты бағыттарда қолдануға болады», – деп мәлімдеді израильдік ғалымдар.
Төмендегі видеода зерттеушілер гибридті микророботтың қалай жұмыс істейтінін және оның мүмкіндіктерін айтады. The Hybrid Micro-Robot - YouTube