Австралияда 35 жылдан бері алғаш рет қар жауды
Австралияның оңтүстік-шығысына 35 жылдан бері бірінші рет қар жауды. Оңтүстік полюстен келген антарктикалық циклон жаңбыр әкелді.
The Guardian жазуынша, қар демалыс күндері, 10-11 тамызда Виктория штаты мен Жаңа Оңтүстік Уэльске жауған.
Қар салқын әрі қатты желмен араласып жауып, екпіні сағатына 120 шақырымға жеткен.
Ал The Weather Channel Квинслендте ағаштың құлауынан бір адамның қайтыс болғанын, тағы үш адамның зардап шеккенін хабарлады.
Ауа райының қолайсыздығынан Жаңа Оңтүстік Уэльстің арнайы құтқару қызметіне 1160 қоңырау түскен.
"Демалыс күндері көшелері қармен жабылған қалалардың көбі қарлы боранды білмейді, ал қалалық қызметтер мұндай оқиғаларға дайын емес, сондықтан кейбір жолдар жабылды. Бақытымызға орай, жаңа жұмыс аптасы алдында қар еріді", - дейді гидрометерология орталығының қызметкерлері.