Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ ҮКІМЕТІ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТУҒА МӘЖБҮР

АҚШ ҮКІМЕТІ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТУҒА МӘЖБҮР


АҚШ конгресі бюджетті мақұлдамай тарап кетті. Федералды органдар түн ортасында (Астана уақытымен 11:00) жұмысын автоматты түрде тоқтата бастады.
 Сенаттың сайтында конгрестің жоғарғы палатасының жұмысы 00:01 кейін (Астана уақытымен 11:01), яғни бюджеттік мерзім аяқталғаннан кейін жалғасады деп хабарланды.

Сәрсенбіде республикалықтар мен демократтар бюджет туралы екі жылдық келісімшартты жариялады. Ол бюджеттің перманентті секвестрлеуін қысқартуға және уақытша бюджеттердің қабылдануына бағытталған. Алдағы екі жылда шығындар 300 миллиард долларға жетуі мүмкін.
Алайда, соңғы сәтте республикалық сенатор Рэнд Паул ағымдағы шектеулерді қаржыландыруды көздейтін түзетулеріне дауыс беруді талап етті.
Бұл бір айдың ішінде АҚШ үкіметі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған екінші жағдай. Қаңтарда федералдық органдар үш күн бойы кезекті уақытша заң жобасын қабылдау мерзімінің кешігуі себебінен жұмыс істеді, кейін бюджет 8 ақпанға дейін мақұлданды.
Baq.kz
09 ақпан 2018 ж. 1 007 0