Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайлар қан жоғалтқанда алғашқы көмек көрсете алатын футболка ойлап тапты

Қытайлар қан жоғалтқанда алғашқы көмек көрсете алатын футболка ойлап тапты

Қытай зерттеушілері қан жоғалту кезінде алғашқы көмек көрсете алатын талшықты композициялық матадан футболка шығарды.
Футболка тіпті артериялық қан тоқтатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Stan.kz.

pervaya_pomosh
Қанның шамадан тыс жоғалуы - адам өліміне әкеп соғады. Ең үлкен қатер - артериялық қан кету. Артериялық зақымдану жағдайында жүректегі қан айналымы жоғары қысыммен ағзаға түсіп, қанның үлкен көлемін тез жоғалтуға әкеледі. 
Ұнтақталған цеолит алғашқы көмекке кезінде қан тоқтату үшін кеңінен қолданылады. Алайда дұрыс емес тәсілмен пайдаланса, науқастың денесін күйдіріп жібеуі мүмкін. Мұндайда экзотермиялық реакциялар пайда болады.
Ғалым Фань Цзе және оның әріптестері табысты түрде цеолитпен салынған мақта талшығының композициялық материалын жасады. Электрондық телескоптың көмегімен талшық бетінде диаметрі бес микрометрден тұратын минералды шарлар байқауға болады.
"Біздің гемостатикалық материалымыз қауіпсіз және ыңғайлы. Құрамында аз мөлшерде цеолит бар, ол қанның қан ұйығыштық процессін жеделдетуге және сонымен қатар минералдың кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді", - дейді профессор. 
Зерттеушілердің айтуынша, жаңашылдық әртүрлі экстремалды спорт түрлеріне арналған қорғаныс құрылғыларының өндірісінде, сондай-ақ жазатайым оқиғалар, жер сілкіністер және басқа да төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылатын болады.
21 мамыр 2019 ж. 692 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930