Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің әртүрлі әдебі

Әлемнің әртүрлі әдебі

ÓлемнÑÒ£ ÓÑÑÒ¯ÑÐ»Ñ ÓдебÑ
Өзге елдің салт-жоралғысы бізге тым қызық көрінеді. Ал біздегі күйеу жігіттің аяқ киімін тығып қою сияқты салттар шетелге жат. Әлемде мұндай дәстүрдің түр-түрі бар. Олай болса, мына дәстүр-жоралғылармен танысып, таңғалыңыз. Жапония Ғашықтар ағаштарға есімін жазатынын осыған дейін білген боларсыздар, тіпті көрген де шығарсыздар. Жапонияда мұндай «тренд» дәстүрде бар. Қыз бен жігіт ағашқа қолшатырдың суретін салып, астына есімдерін жазады екен. Мұны ежелгі жапон дәстүрімен былай түсіндіреді: қыз бен жігіт қоғамдық жерлерде қол ұстасып жүрмеуі керек. Тек жауын күні қолшатырдың астында ғана екеуі бірге жүруге мүмкіндік бар. Содан кейін Жапонияда «қолшатыр астында бірге жүру» деген тіркесті сөйлем романтика ұғымына енген. Шотландия Шотландияда жаңа жыл мейрамы қарсаңында отбасы мүшелері пеш алдында отқа қарап отырып, сағат тілінің он екіні соғуын бірге күтеді. Сағат тілі он екіге таяғанда шаңырақ иесі – отағасы орнынан тұрып, есікті ашып қояды. Қоңырау соғылғаннан кейін есікті жауып қояды. Бұл дәстүрді ескі жылды шығарып салу деп түсіндіреді. Болгария Бұл елде сүйіктісіне сезімін білдіргісі келген жас жігіт қызға алма лақтырады. Қыз қағып алмай қалса, не болары қызық. Канада Канадада туған күн тойлау қорқынышты көрінеді. Туған күн иесіне достары не жақындары тосын сый дайындап қояды. Тосын сый – сыйлық емес, құйтырқы істер. Оған қоса, мұрнына май жағып қояды, бұл сенім бүкіл сәтсіздіктер сол маймен тайғанап кетсін дегенді білдіреді. Германия Күйеу жігіт қызға үйленуге ұсыныс жасағаннан кейін қаланың баспалдақтарын сыпыртқымен тазалайды. Ал қалыңдық сыпырылған жерді қарап шығады. Мұндағы мақсат – ер адамның тұрмыста іс жасай алмайтынын көрсету. Баспалдақтарды шала тазалағанын көріп, үй тірлігін келіннің өзі бітіруі керек екенін негіз етеді. Ирландия Ирландияда төрт жыл сайын келетін ақпанның 29-шы жұлдызында қыздар сүйіктісіне ұсыныс жасай алады. Егер күйеу жігіт үйленуден бас тартса, ол айыппұл төлеуі тиіс. Гэллап университетінің зерттеуі бойынша бұл күні сүйген жігітіне сөз салған қыздардың 94%-ы мақсатына жетеді екен. Бельгия Әр мейрам сайын Бельгиялық тұрғындар жақындарына ашықхат жолдайды. Жақын адамымен қатты араласпаса да, мейрамымен құттықтап, ашықхат жібереді екен. Әлемде мейрам сайын көлемді ашықхат сатылатын Бельгиядан өзге ел жоқ шығар. 

Massaget.kz
14 сәуір 2019 ж. 641 0