НАЗАРБАЕВ ПЕН БУШТЫҢ КЕЗДЕСУІНДЕ ТҮСІРІЛГЕН ВИДЕО ЖАРИЯЛАНДЫ
Мемлекет басшысының телерадиокешені өзінің Facebook парақшасында Қазақстан мен АҚШ басшылары арасындағы келісімнің видеосын жариялады.
ҚР Президентінің телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары аясында мұрағаттағы тағы бір бейнематериалмен бөлісті. Онда екі ел басшылары ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойып жатыр.
Мемлекет басшысы АҚШ президенті Джордж Буштың шақыруымен барған болатын.
«Айта кетейік, 1992 жылы мемлекет басшысы бірнеше келісімге қол қойды. Ол кейін ел экономикасының дамуына зор ықпал етті», – деп жазылған роликтің түсіндірмесінде.
Еске сала кетсек, президенттің телерадиокешені бұған дейін де АҚШ және Қазақстан президенттерінің видеосынан үзінді жарияланған болатын.
https://www.facebook.com/trkprezidentark/videos/1668728679855635/
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен Вашингтонда 2018 жылдың 16 қаңтарында кездеседі. Мемлекет басшысы АҚШ-та 18 қаңтарға дейін болады. Сонымен қатар, 18 қаңтарда Қазақстан Президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингке қатысады.
Вaq.kz