Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Транзиттік жолдың тиімділігі

Транзиттік жолдың тиімділігі


Шырайлы Шиелі өңірінің бойынан салынған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі, бізге бұйырған зор мүмкіндік дер едім. Ең алдымен бұл көлік дәлізі арқылы біз Еуропа және Азия мемлекеттеріне емін-еркін қатынай аламыз. Өзге елдің қатынас көліктері жолды пайдаланғаны үшін ақша төлейді. Үлкен жол бойы жеке кәсіпкерлікті дамытудың таптырмас көзі болып табылады.
Қазірдің өзінде Сұлутөбелік жеке кәсіпкер Жүзкенов осы жол бойынан «В» санаты бойынша сервистік қызмет көрсету орталығының құрылысын бастағалы отыр. Ол сондай-ақ 5 жерге алма бағын екпекші. Осындай сервистік қызмет көрсететін 3 жоба үшін кәсіпкерлерге 3 жер телімі ұсынылды. Мұнан бұрын осы жол бойынан автостанция салу үшін жер телімі жеке кәсіпкер Ораз Байділдаға беріліп, сапаржай құрылысы, аяқ­та­луға жақын. Жұрт оның игілігін жақын арада көретін болады. Әр ел­дің, жердің ерекшеліктері, өзге жерлерден табыла бермейтін байлықтары, өнімдері, қажеттіліктері болады. Мысал үшін, Бәйгеқұм мен Балабидің қауындары мен қарбыздары Ортақшылдың тарысы (біздің тарымыз облыс бойынша тек Ортақшылда ғана өндіріледі, Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облысының бірқатар аудандарында тары өндірілмейді.) Балаби мен Бәйгеқұмда сусын ретінде шұбат, қымыз, айран да жетерлік. Демек, осы және басқа да айтылмаған көкөніс, бақша өнімдерін, жеміс-жидектерді сату үшін Бәйгеқұмнан базар ашу керек. Бұл біраз ағайынға жұмыс көзі болар еді. Шиелінің бренді болуға лайықты өнімдерді қонақтар осы маңнан алуға әдеттенер еді. Тағы бір сауда орнын, Н.Бекежанов Төңкеріс, Еңбекші, Жиделіден келетін тұрғындарға жақын маңнан салынса дейміз. Кәсіпкерлік бойынша жол бойына жарнамалар ілу қажет. Мысалы, өзімізде өндірілетін жұмыртқа, картоп, сәбіз, күріш, асқабақ, цемент, балық, жем, шөп, мал. Жеміс-жидектер, енді бір үш-төрт жылдан соң алма, шие, Бәйгеқұмдағы, «Ханқожа» суға түсетін демалыс орыны жайлы жарнамалар «мен мұндалап» тұрса неге бұрылмасқа. Айта кету керек, жол бойынан не ашылса да талапқа сай, көрікті, елдің еңсесін көтеріп тұратын­дай мәдениеті биік болса жол бойына ағаштар егілсе, бар ағаштар шабылмай, қамқорлыққа алынса. Еліміздің мәдениетін көрсетсек. Рухани жаңғыруымыз да өз орнында жаңа кейіпке енер еді.
Алтай Айып.
---
09 қаңтар 2018 ж. 2 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031