ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Ораз Нұрділдә Серікұлы Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz....
Қызылорда облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2023 жылдың 17-19 шілде аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді....
1 шілдеде Қазақстанда «Қалдықтар. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін контейнер орналастыру алаңдарына қойылатын жалпы талаптар» ұлттық стандарты қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан стандарттау және метрология институтына сілтеме жасап....
Жаз басталысымен балалардың көпқабатты үйден құлау оқиғасы жиілей түседі. Екінші, үшінші және одан да жоғары қабаттан құлағандар көбіне терезедегі торды ұстап, оқыс жағдайға ұшырап жатыр. Тұрғындар терезеге тапсырыс беру кезінде москит торды балалардың бойы жетпейтін жеріне орнатса немесе басқа да қалқандар...
Күні кешегі мәлімет бойынша білім грантын тағайындау конкурсына 83 мың өтініш түскен. Мұнда талапкерлердің басым бөлігі республикалық маңызы бар үш қаладағы жоғары оқу орындарына үміт етіп отыр. Айталық, Алматыға 34 мың өтініш түссе, Астанаға 16 мың, Шымкентке 5 мың талапкер оқуға баруды қалайды....
Қызылордалық «Абай Дәулет» ЖШС директорының орынбасары Жасұлан Тұрлыбеков жақында Жапонияға барып, JICA халықаралық әріптестік агенттігі ұйымдастырған оқыту бағдарламасы арқылы біліктілігін көтеріп келді. Оның сапарына қажет құжаттарды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары әзірлеп берді....
Бүгінде Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр қаласы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне 100 пайыз қосылған. Ал облысқа қарасты 230 елді мекеннің 98,1 пайызы тіршілік нәрін толықтай тұтына алады....
Сыр өңірінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында биыл барлық қаржыландырудың есебінен 692 300 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда....
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған мәселелерді, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бұл жолы жеке қабылдауға 12 адам келді....