Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлылардың ізі – Ұлту

Ұлылардың ізі – Ұлту


Ақындар арнау айтып, жырына қосқан, жауырынына қыпша белін екі орап алатын қос бұрымын өрген, тарқатқанда тобығына жеткен бұлттай қалың қолаң шаш қазақ қыздарына ғана тән шығар, сірә! Қыз көркі саналған шаш әу бастан киелі, қастерлі. Тіпті, ата-бабаларымыз бұрымды сұлулықтың символы ғана емес, әйелдер қауымына берген Алланың ерекше сыйы деп қараған. Шыр етіп қыз баласы дүниеге келген сәттен бастап, оған шаштың киесін ұғындырып, жалаңбас жүргізбеуге, себепсіз оны қиюға тиым салған. Ал, қазіргі заманда осындай құндылықтар кенжелеп қалмас үшін қыздарға арналған әр түрлі шаралар мен байқаулар, тәрбие сағаттары ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі – жыл сайын өткізілетін «Бұрымды ару» байқауы.

Биыл да дәстүрінен жаңылмаған сайыс өз жалғасын тапты. Шиелі ауданы бойынша іріктеу кезеңі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет шығармашылық орталығының қолдауымен өткізілді. Алғашқы кезеңде ақылына көркі сай 14 арудың арасынан оқ бойы озық шыққан еңбекшілік Ұ.Ғаниқызы мен Т.Бейбітқызы облыстық байқауға жолдама алды.
Өткен сенбіде «Бұрымды ару» байқауының екінші кезеңі Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өтіп, оған аймақ бойынша 10 ару қатысты. Олар ұзындығы тілерсекті соғатын шашқа қажет күтімнің құпиясымен бөлісті және әр түрлі өру тәсілдерін көрсетті. Байқау шарты бойынша, өз өнерлерін ортаға салған бұрымдыларымыз көпшілік қошеметіне бөленді.
Сайыс соңында барлық қатысушылар бағалы сыйлық және алғыс хатпен марапатталды. Ал, жерлестеріміз Ұлту Ғаниқызы ІІІ орынды, Таңсұлу Бейбітқызы «Сүйкімді ару» номинациясын иеленді.

М.БОЛАТҚЫЗЫ.
07 наурыз 2019 ж. 3 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930