Жұмыстың табыстылығы – басты мақсат
Сыр өңірі – бүкіләлемдік жылнамада өзіндік үлкен орны бар тарихи өлке. Киелі мекенде жадыңнан өшпейтін асылдың сынығындай болған мұралар да жеткілікті. Шиелі топырағы киелі деп бекер аталмаса керек. Облыстағы 5 ғасыр адамын, 41 Еңбек Ерін, ақындар мен сазгерлерді, жазушылар мен өнерпаздарды дүниеге әкелген мекен қалай киелі болмасын? Ол даусыз! Қысқасы, жыл өткен сайын Шиелінің шырайы кіріп келеді. Ел экономикасының дамығанын, әлеуметтің әлеуеттік жағдайының артқанын, аудан көлемінде жасалып жатқан жұмыстарға қарап-ақ бағалауға болады. Осының арқасында халықтың тұрмыстық жағдайы көтеріліп, жұмыссыздық жойыла түсуде.
Шиелі табиғатында өзгелерді өзіне еріксіз тартып, қызықтырып тұратын тылсым күш бар. Сондықтан болар, біздің ауданға саяхаттауға келушілер саны да жылдан-жылға артып келеді. Өңірде мәдени туризмді дамыту жолға қойылған. Бір Бәйгеқұм ауылындағы Ханқожа көлінің өзіне жылына мыңдаған адам келіп, демалыс күндерін осында өткізеді. Ол жерде туризмді кәсіп көзіне айналдырып, содан қаржы тауып, ауданның да салық түсімін арттырып отырған жандар жетерлік.
Аудан әкімі Ә.Оразбекұлының ауылдарды аралап есеп беру жиыны жұма күні біз сөз етіп отырған Бәйгеқұм ауылынан бастау алды.
Бұл күні есеп беру жиындары Бәйгеқұм, Талаптан, Майлытоғай ауылдық округтерінде өтті. Кездесуге облыстан арнайы келген қонақ Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұса Қалдарбеков, аудандық мәслихат хатшысы, депутаттары, «Нұр Отан» партиясының Шиелі аудандық филиалы төрағасының орынбасары және тиісті мекемелер мен бөлім басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында учаскелік полиция инспекторы Досан Сенбаев бірінші болып баяндама жасады. Елді мекенде өткен жылы 7 қылмыс тіркеліп, оның біреуі ғана ашылған. Ауыл тұрғындары полиция қызметкеріне ашылмай тұрған алты қылмысты тездетіп ашып, нәтиже көрсетуін талап етті. Айта кетерлік бір жайт, ауылдарда үлкен мәселеге айналған мал ұрлығы, бұл ауылда жоқ деп айтуға болады. Бірақ, тұрмыстық, бұзақылық, ұрлық секілді ауылдың бей-берекетін қашыратын ұсақ-түйек қылмыстар ашылмай отыр. Ал, ауыл әкімі М.Жүсіп есеп беруін қуанышты жаңалықпен бастады. Биыл 150 гектар жерге күріш егіп, 14 адамды жұмыспен қамтылғанын қуанышпен жеткізді. Сонымен қатар, бейне бақылау камера санын көбейтуді көздеп отырғандарын тілге тиек етті. Сөйтіп, 2018 жылы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін халыққа егжей-тегжейлі баяндап берді.
Ауыл әкімінің баяндамасынан ауылда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға қанық болдық. Жергілікті тұрғындардың атынан Мұсахан Дүйсенов сөз сөйлеп, аудан басшысы мен ауыл əкімінің жұмыстарына көңілі толатынын жасырмады. Ауылдың әкімшілік ғимаратын салып берсе деген өтініш айтып, ізгі тілегін жеткізіп, батасын берді.
«Ауылына қарап азаматын таны» дейтін жақсы бір сөз бар. Кездесуде аудан əкімі ауылдың ажарын кіргізіп, ахуалын арттырып жүрген азаматтарды да үлгі етіп, солардан жұмысты қалай жасау керектігін үйренуге шақырды. Қазына қаржысына қол жайып қарап отыру, ауыз аша беру əбестік. Сондықтан, ауыл әкімі де кәсіпкерлер санын 73-ден 100-ге жеткізуді көздеп отырғанын да назардан тыс қалдырмады.
Жалпы бұл ауылдың болашағы жарқын, келешегі кемел. Үстіміздегі кәсіпкерлік жылы аясында орта және шағын бизнесі дамып, көркейе түспек. Жиын барысынан біз осыны ұқтық.
Әлеуметтік мәселе шешімін таппақ
Бәйгеқұм ауылынан кейінгі есеп беру кезегі 633 отбасы, 3918 халқы бар Талаптан ауылдық округінде жалғасын тапты. Тоқсан жылдық тарихы бар аудандағы ең үлкен елді мекеннің бірі. Өңірге тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан бұл елді мекенде егіншілік саласы өрістеп келеді. Учаскелік полиция инспекторы Қ.Бейсенұлы баяндама жасап, оның жұмысына ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдірді. Осыдан кейін Талаптан ауылдық округіндегі 2018 жылы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін халыққа егжей-тегжейлі баяндап бермек болып ауыл әкімі А.Өмірәлі мінбеге көтерілді. Ауыл әкімінің баяндамасынан естігеніміздей ит жылында елді мекенде біршама жұмыстар атқырылған. Дегенмен, мәдениет үйіне жиналған бұқара халықтың ішінде жыл бойы жиналып қалған мәселелер сыртқа шығып, бірнеше сұрақтар қойылды. Байқап қарасақ тұрғындар тарапынан айтылып жатқан ұсыныс, өтініштер орынды.
Зейнеткер Асылбек Тәжиев: «Бала би емхана ғимараты санитарлық талапқа сай келмейтінін, осыған орай, емхана салынса» – дейді. Сондай-ақ, автокөліктің тозығы жетуіне байланысты жаңа жедел жәрдем автокөлігі берілсе, деген ұсыныс жолдады. Ал, оған аудан басшысы Ә.Оразбекұлы Бала би ауылына емхана салу жұмыстарына мемлекеттік серіктестік аясында кәсіпкерлерді тарту арқылы жүзеге асырылатындығын жеткізді. Автокөлік мәселесі бойынша амбулаторлық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ж.Абдусаметов облыстық денсаулық сақтау басқармасынан бөлінген жағдайда ғана жаңа жедел-жәрдем көлігімен қамтамасыз етілетінін айтты. Ауыл тұрғыны Ербай Айтуаров: «Аудан орталығына жеткізілетін көмірді сатып алуда көмірдің мөлшерін анықтайтын таразы қойылса» – деген ұсыныс білдірді. Бұл сауал күн суытқалы бері айтылып келе жатқан мәселелердің бірі. Дегенмен, мәселенің түйіні шешілген екен. Оны «Аудан көлеміндегі көмір сататын кәсіпкерлердің барлығына таразы қойылған. Тұрғындарға көмір көлемінің жеткілікті һәм қол жетімді бағада» – деген аудан басшысының сөзінен білдік. Әлеуметтік-экономикалық ахуалы артып, күн санап көркейіп келе жатқан, ғасырға жуық тарихы бар бұл ауылдың бағындырар белесі әлі алда. Аудан және ауыл әкімінің жылдық қорытындысынан халықтың түйгені осы.
Өнегесі мол Майлытоғай
Түс ауа жиын Майлытоғай елді мекенінде өтті. Әдеттегідей бірінші кезекте ауылдың учаскелік полиция инспекторы Қ.Сейтмағанбетов өткен жылы орын алған қылмыстық оқиғалар туралы хабарлама жасады. Мұнда өткен жылы 2 қылмыс орын алған. Ұялы телефон ұрлығы ашылса, мал ұрлығы ашылмаған екен. Ауылдық округ көлемінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында есепті мерзімді барлығы 51 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Аудан басшысы жергілікті инспекторға бұл ауыл кішкентай ғана, сондықтан, қылмыс жоқ елді мекен болу керек деп, осы бағытта жұмыс істеуін нақтылады.
Одан кейін, ауыл әкімі Қ.Асанов өзі басшылық етіп отырған елді мекеннің тыныс-тіршілігін баяндау үшін сөз алды. Жиын барысында ауыл тұрғындарының алдында есеп беріп, өткен жылды қорытындылап, алдағы міндеттерді қамтыды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында К.Әбу тігін цехын ашуға 450 мың грант ұтып алып жұмыс бастап, ісін дөңгелетіп отыр. Сондай-ақ, «Бизнес-Бастау» бағдарламасы бойынша 3 азамат 1 айлық курс оқып, сертификатын алып, жұмыс жасауда. Е.Қазбеков 2 млн. теңге несие алып, мал шаруашылығын дамытып, малдарын асылдандырып, шаруашылығын дамыту үстінде. Сонымен қатар, кәсіпкер А.Тұрғанбаева 10 млн. теңге «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қорынан», «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша несие алып, жылқы асырап жұмыс жасауда. Ауылдық округте алда атқарылатын бірінші кезектегі өзекті мәселе ауылға кіретін 4 км тас жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, «Бозарық» каналын қаздыру арқылы, егін және мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау. Ауылдық клуб ғимаратын жаңадан салу, қатты қалдықтарды тастайтын және мал өлекселерін залалсыздандыратын орындар соқтыру жұмыстарын осы жылда атқаруға білек сыбана кірісуді көздеп отыр.
Жиында айтылғандай, биыл да Майлытоғай ауылында ҚР Президентінің стратегиялық бағдарламаларын ауылдық округ көлемінде іске асыру, азаматтардың әл-ауқатының өсуін қамтамсыз ету, округ тұрғындарының тұрмыс жағдайының жақсаруына ықпал етуге жүйелі жұмыстар жүргізіле бермек. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздық деңгейін төмендету де қолға алынады. Міне, ауылдың жұмыстары жүйелі жүруде.
Кездесу соңында аудан басшысы ауыл әкіміне алдағы уақытта да жоспарлы жұмыстарды жалғастырып, Елбасы жүктеген міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға шақырды.
Жұлдызай Ноғайбайқызы,
Бақытжан Бәйімбет (фото),
Бәйгеқұм-Талаптан-Майлытоғай.