Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМ ҚАзІРГІ ҚАзАҚ ӘДЕБиЕТІМЕН ТАНЫСАДЫ

ӘЛЕМ ҚАзІРГІ ҚАзАҚ ӘДЕБиЕТІМЕН ТАНЫСАДЫ

қАзАқСТАндық АвТорЛАрдың әЛЕМдІк шығАрМАЛАры Бұұ-ның 6 ТІЛІнЕ АудАрыЛАды. ЖАқындА ұЛыБрИТАнИя, ИСпАнИя, ФрАнцИя, рЕСЕЙ ЖәнЕ қыТАЙ АудАрМАшыЛАры МЕн әдЕБИЕТшІЛЕрІ, АудАрМА ЖәнЕ БАСпА ұЙыМдАрының ӨкІЛдЕрІнІң шығАрМАЛАры қАзІргІ қАзАқ әдЕБИЕТІ АнТоЛогИяСынА ЕнгЕн АвТорЛАрМЕн кЕздЕСу үшІн қАзАқСТАнғА АрнАЙы САпАрМЕн кЕЛдІ.
 
ҚАзАҚСТАН хАЛҚЫНЫң САНЫ 18,37 МиЛЛиоНҒА ЖЕТТІ
«Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі. Жоба тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерді әлемге танытуды мақсат етеді. Соның ішінде, аталған жоба аясында қазіргі қазақ прозасы мен поэзия жинақтарын 6 тілге аудару қолға алынды», – деді Ұлттық аударма бюросының баспасөз қызметкерлері.
Б и ы л а у д а р м а н ы ң к ө р к е м д і к с а п а с ы н арттыруға бағытталған бірқатар арнаулы шаралар жоспарланған. Жуырда ғана Астана және Алматы қалаларында алғашқы кездесулер өтті. Жиында Ұлыбритания, Испания, Ресей, Франция және Қытайдан келген аудармашылар мен әріптес ұйымдардың өкілдері жұмыс барысы жайлы баяндамалар жасап, авторлармен пікірлесті.
Айта кету керек, Қазақ әдебиеті жинақтарын ағылшын тіліне аудару, басып шығару және тарату жұмысы Кембридж университеті баспасының қатысуымен іске асып жатыр. Танымал университет баспасы жобаға тәжірибелі аудармашылар мен беделді әдебиетші мамандарды тартқан. Британдық әріптестер «Мәдени индукция» (Cultural Induction) тәжірибесін қолдануды ұсынды. Ол аудармашылар мен редакторлардың түпнұсқа мәтін (елдің) мәдениеті мен оның мазмұнына терең үңілуіне жол ашады. Осы сапар барысында антология жобасына қатысушы шетелдік мамандар қазақстандық авторлармен аудармаға байланысты туындаған сұрақтарын талқылап қана қоймай,
Қазақстан мәдениеті, тарихы және қазіргі тыныстіршілігімен жақын танысады.
«Бұл біздің жылдар бойы күткен жобамыз. Өйткені, әдебиеттің басқа тілдерге аударылуы екі елдің арасына салынған көпір сияқты. Ол –
поэзия, проза, жалпы әдебиет арқылы ұлттар арасын жақындастыратын дәнекер. Бүкіл бір ұлттың ойлау жүйесі, салт-санасы, жүрегі, рухы
осы әдебиет арқылы танылады. Сондықтан, озық шығармаларымыздың әлемнің тілдеріне аударылуының маңызы зор», – дейді Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

«Өскен өңір» ақпарат.
19 қаңтар 2019 ж. 650 0