Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » сенаторлардың сапары өңірімізде жалғасты

сенаторлардың сапары өңірімізде жалғасты

Еліміздің бас қаласынан келген қо­нақтар Алғабас елді мекеніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған спорттық сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Одан соң жеке кәсіпкер Насыр Мырзабековтың құс фермасында болды.
Өткен жылдары құс шаруашылығын дамыту мақсатында 130 млн. теңге қаражатқа құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жұмыртқа бағытындағы құс фермасы іске қосылған еді. Жылына 3,5 млн. дана жұмыртқа өндірілетін болады деп күтілген. Қазіргі таӊда фермада 5 адам тұрақты жұмыс жасайды. Таң атқаннан бастап, тауықтардыӊ жемін әзірлеп, оларға қосатын витаминдерін қадағалап, күнделікті екі мезгіл тамақтандырады.
Осыдан кейін қонақтар ауданы­мыз­дың индустриялды аймағына атбасын бұрды. Бой көтеріп жатқан «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Жобалық құны 64 млрд.теңгені құрайтын жылына 1 млн.тонна тампонажды цемент шығару зауытының құрылыс барысынан хабардар болды. Сондай-ақ, өндірілген цементтің бағасы төменірек болғаны жөн екенін ескертті.
Бағдарламаға сәйкес Парламент Сенаты депутаттары аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда тұрғындарға елімізде қабылданып жатқан заңдар мен заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы түсіндірді. Жиын барысында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және дәстүрлі емес діни ағымдар туралы да сөз өрбіді. Жиын соңында аудан тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алып, алғысы мен ризашылықтарын білдірді.
Ерұлан ДАТКЕНОВ.
06 қаңтар 2018 ж. 946 0