Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНЕ "АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР" ЕНГІЗІЛУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНЕ "АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР" ЕНГІЗІЛУДЕ


Қызылорда облысында агроөнеркәсіп кешені саласына "ақылды технологияларды" енгізу мақсатында автоматтандырылған жылыжай салынып, "электрондық ветеринария" жобасы іске қосылды.
"Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз ету және сыртқы нарыққа сапасы жағынан ғана емес, бағасы жағынан да бәсекеге қабілетті жоғары сапалы дайын өніммен шығу міндетін қойып отырмыз. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл тұста "ақылды технологияларды" енгізу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізе аламыз. Бірінші кезеңде біз малдарды бақылауға арналған навигаторларды іске қостық, "электрондық ветеринария" жобасы мен автоматтандырылған жылыжай құрылысын жүзеге асыра бастады",-деді аймақ басшысы.
"Электрондық ветеринария" жобасы аясында "Mobi-VET" мобильді қосымшасы әзірленді. Оның негізгі мақсаты - фермерлік шаруашылықтар мен халықтың жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындауы бойынша толық ақпарат алу.
Сонымен қатар,"жобалық басқару" аясында аймақта электронды сауда алаңы – Агробиржаны құру жобасы жүзеге асырылуда.
Бұл ретте күріш шаруашылығы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінде жетекші сала болып қала береді.
"Биылғы су тапшылығы мен ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 473 мың тонна (54,5 ц/га) күріш өнімін жинадық. Және ағымдағы жылы судың жетіспеуіне байланысты 600 мың га күріш егістігін жоғалттық. Сондықтан да, осындай жағдайларды болдырмау үшін қазір өңірде су тасқыны кезеңінде 2 млрд.м3-тан астам су жинайтын "Күміскеткен" және "Қараөзек" су қоймаларын салу мәселесін қарастырудамыз", - деп атап өтті облыс әкімі.
Қызылордалық аграрлар Монғолия, Түркия, Ауғанстан нарықтарын игеруде. Дәстүрлі өнімдерінен бөлек Иранға экспорттау үшін Иран сорттарын да шығару қолға алынған. 
2017 жылы Араб Әмірліктеріне, Иран, Монғолия және Өзбекстанға көкөніс пен мал экспорты басталды, ал, ағымдағы жылы Қытайға алғаш рет мақсары майы жіберілді. Қабылданған шаралар соңғы жылда ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін 28%-ға арттыруға мүмкіндік берді .
Күріш, тұз және балық-біз экспорттай алатын жалғыз тауар емес. Облыс үлкен экспорттық әлеуетке ие және сала экспортқа бағдарланған (өңірлік экономиканың драйвері) болуы мүмкін.
Айта кету керек, бірнеше жыл ішінде облыстың ЖІӨ-дегі ауылшаруашылығының үлесі 2,5%-дан 3,7%-ға дейін артты. 
АӨК саласын дамыту біз үшін өңірлік экономикаға үлес ретінде ғана емес, сондай-ақ, осы салада ауыл халқының басым бөлігін жұмыспен қамту тұрғысынан да маңызды болып табылады.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі ФБ парақшасынан.
07 қараша 2018 ж. 1 875 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930