Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 жастағы қызылордалық ару мал бордақылауды кәсіп етті Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз

22 жастағы қызылордалық ару мал бордақылауды кәсіп етті Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз
































22 жастағы қызылордалық ару мал бордақылауды кәсіп етті 2018 жылғы 31 қазан 18:21417 Бөлісіңіз: ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының тұрғыны Карина Шыныбаева мал бордақылау кәсібін қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қаланың іргесіндегі Қарауылтөбе ауылынан жер алып, шаруа қожалығын ашқан Карина жылқы бағып қана қоймай, құстың түр-түрін өсіріп отыр. «Бизнесімді бастау үшін Қызылордадағы кәсіпкерлер палатасынан кеңес алдым. «Бастау» жобасынан кәсіптің қыр-сырын үйренуге тырыстым. Көптен бері ойымда жүрген жоспарым - мал бордақылаумен айналысуға бел байладым. Себебі, Сыр өңірінің халқы жылқы етін көп тұтынады. Әсіресе, қысқы соғымға алатын адам көбейеді. Бизнес идеям қолдауға ие болып, «Аграрлық несие корпорациясы» 10 миллион теңге несие берді. Оған 30-ға жуық жылқы сатып алып, бордақылаудың қамын жасап жатырмыз. Бұдан басқа тауық, күркетауық, қаз, үйрек асырап отырмыз», - дейді жас кәсіпкер. Карина Шыныбаева 17 жасында тұрмыс құрған. Қазір екі баланың анасы. Оспановтар әулетіне келін болған оның кәсібіне ата-енесі мен жолдасы қол ұшын беруде. 

02 қараша 2018 ж. 947 0