Мәскеуге жасалған маңызды сапар
Әуежайлар әлеуеті
Бортында 300-ден астам жолаушысы бар Ресейлік «Аэрофлот» компаниясына тиесілі «Айробус А-320» ұшағы Қызылорда қаласынан аспанға көтеріліп, 3 сағаттан аса заңғар көкте самғап, Мәскеу қаласының ең үлкен Шереметьево атындағы әуежайына ызғи келіп қонған кезде жергілікті уақыт бойынша сағат тілі таңғы 8.05-ті көрсетіп тұрды.
Сұрқай бұлттан дымқыл тартқан ауаны ауыр жұтып, «F» терминалы арқылы әуежайдың ішіне енген біздерді диспетчердің қазақ тілінде еш мүдірмей сөйлеп тұрғаны таңғалдырғаны рас. Әлемдегі ең алып 50 әуежайдың қатарына енетін маңызды нысанда таза қазақ тілінде нұсқау беріп тұрған дауыс шындығында әсерлі емес пе?
Алып деген сөзімізге алып қосарымыз мынау. Халықаралық Шереметьево әуежайы 206 бағыт бойынша әлемдегі 39 әуекомпаниясына тиесілі әртүрлі ұшақтарды қабылдап, шығарып салып, жылына 55 миллионнан астам жолаушыны өткізеді. Қызылорда қаласы Қорқыт ата атындағы халықаралық аэропортта бүгінгі таңда алыс-жақын шетел әуежолаушыларына маңызды қызметін ұсынып отыр. Оған біз осы сапарымызда куә болдық. Қызылорда әуежайында біз мінген ұшаққа бір топ өзбек және қырғыз жолаушылары да қоса жайғасты. Әуелгіде жергілікті диаспораларға балап, оларға мән бере қоймағанымыз рас. Мәскеу әуежайына кірген кезде, диспетчердің кедендік одақ мемлекетінің азаматтарын бөлек тексеру бекетіне бағыттап, ал, одақтан тыс мемлекет азаматтарын басқа тексеру бекетіне жүруді нұсқаған кезде, әлгіндегі бір топ өзбектің бізден бөлінгенін байқап, олардың Өзбекстан Республикасының азаматтары екендігін білдік. Сөйтсек бұлар, Түркияға ұшып бара жатқан өзағамдар екен. Ташкенттен Қызылордаға келіп, Қорқыт ата атындағы әуежайдан Мәскеуге ұшып, одан Стамбулға сапарлату олар үшін экономикалық жағынан тиімді көрінеді. Қалтаға салмақ салмай, нарықтың парқын біліп алғандар үшін, Қызылорда әуежайының халықаралық деңгейге көтерілгені шындығында қарапайым жолаушылар үшін қалтаның қағылмауына септігін тигізіп тұр.
Бақылау бекеті. Жылы қабақ. Күлімсіреп қарсы алу. Сәтті сапар айтып, қалаға қарай жол сілтеген терминал қызметкерлерінің емен-жарқын мінезі көңіліңді көтеріп тастайды.
Сонымен, бақылау бекетінен халықаралық паспортсыз кәдімгі жеке куәлікпен оңай өткен біздер алдын ала әзірленіп қойған Мәскеу орталығындағы Покровка 6-дағы қонақ үйге қарай жөнеп бердік.
Іс-сапардың мақсаты
Осыдан бірнеше уақыт бұрын Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаевтың кеңесшісі Динара Бисембина «Сыр медиа» ЖШС қарасты барлық аудандық газет редакцияларында болып, ондағы тілшілермен кездесіп, аймақ журналистерінің әлеуетін арттыру, алыс-жақын шетелдегі, Алматы, Астана қалаларындағы іргелі медиахолдингтерде және жоғары оқу орындарындағы білікті мамандармен тәжірибелер алмасу бағытында өзіндік жобалары бар екендігін білдірген еді. Ол жобаларға аймақ басшысы тарапынан қолдау білдірілді.
Араға бірқанша уақыт салып, жобаның қолдау тапқандығы белгілі болды. Қыркүйек айының аяғын ала «Сыр медиа» ЖШС қарасты газеттердің бір топ журналистері кеңесшінің бастамасымен Астана қаласында болып, ондағы «Қазмедиа» орталығы және «Егемен Қазақстан» газетінің жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасып қайтты. Бұл сапарда барлық аудандар мен бірге жергілікті «Өскен өңір» газеті бас редакторының орынбасары Е.Жүсіпте бірге болып қайтқаны бар.
Енді міне, жобаның екінші кезеңі бойынша біздің топ Мәскеу қаласына сапар шекті. Мақсатымыз М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өтетін Х халықаралық оқылымдар «БАҚ-тың сандық түрленуі: аймақтық, ұлттық және глобалды мәселелер» атты конференцияға қатысу болатын.
Топ құрамында «Сыр медиа» ЖШС Бас директорының орынбасары Қаныбек Әбдуов, жаңақорғандық «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Н.Байкенже, сырдариялық «Тіршілік тынысы» газеті бас редакторының орынбасары Б.Жамали, жалағаштық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы А.Батырбеков, қармақшылық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Д.Садық, қазалылық «Қазалы» газетінің бас редакторы Д.Омаров, аралдық «Толқын» газеті бас редакторының орынбасары М.Құманәлиев және Шиеліден осы жолжазбаның авторы болды.
Алғашқы күн әруақтарға құран бағыштаудан басталды
Білесіз бе? Қазақтың маңдайалды ұлдарының дені жатжұртта жерленген. Ұлан-байтақ Алаштың даласында алақандай ғана киіз үйде туып, өсіп-өніп, өз заманының алдыңғы қатарлы алып қалаларында тіршілік кешіп, заманасының түрлі саяси-қоғамдық үдерістеріне төтеп беріп, үн қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдырып, тарихтан ойып тұрып орын алған қандастарымыз аз емес. Мысалы, әл-Фараби бабамыз Сирияның Дамашық қаласында, Бейбарыс Мысырдың Каир қаласында, Мұхаммед Хайдар Дулати Үндістанның Кашмир қаласында, Мұстафа Өзтүрік Түркияның Стамбұл қаласында, жерлесіміз Мұстафа Шоқай Германияның Берлинінде мәңгілікке байыз тауып, денесі сонда жерленген. Көршілес Өзбекстанда Ер-Қосай, Тәуекел хан, Шығай хан, Жалаңтөс баһадүр, Төле би, Әйтеке би, Сырым Датұлы, Базар Оңдасұлы, Шәді Жәңгіров, Серәлі Лапин, Сабыр Рахимов т.б. Ал, біз сапар шеккен көршілес Ресей жерінде Доспамбет Жырау, Қыдырғали Жалайри, Бөкей хан, Арғынғазы хан, Құрманғазы Сағырбайұлы, Сәлімгерей Жантөрин, Әлихан Бөкейханұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Нығмет Нұрмақов, Нәзір Төреқұлов, Тұрар Рысқұлов, Ғани Мұратбаев сынды тағы да басқа көптеген саңлақтарымыз жерленген. Одан бергі уақыт 1941-45 жылдардағы ІІ дүниежүзілік соғыста КСРО құрамында қан майданға атойлап кіріп, орыс жерінде соғысып, жан алып, жан берген жүз мыңдаған боздақтарымыздың денесі Ресей топырағында жатқандығы анық.
Осыны негіз ете отырып, біздің топ іс-сапардың алғашқы күнін әуелі Мәскеу қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы №402 мектепке барып, «Шығыс шынарының» ескерткішіне гүлшоқтарын қоюдан және жерлесіміз Ғани Мұратбаев жатқан «Ваганьково» зиратына барып, марқұмның рухына құран бағыштаудан бастауды жөн көрді.
Батыр қыздың ескерткіші еңселі
Әлемдегі ең алып шаһарлардың бірі – Мәскеу. Ресми тіркелген халқының саны 12 миллионға жуық. Оның 91,65 пайызын жергілікті орыс халқы құрайды. Осыншама алып қалада қарапайым қазақ қызының есімімен аталатын көше және іргелі оқу орны бар екендігі көңілімізге мақтаныш сезімін ұялатты. Ия, Мәскеуде Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлова атындағы №402 мектеп, өзі аттас көшеде орналасқан екен. Мектеп 2 ғимарат, 5 корпустан тұрады. Білім ордасы 1971 жылы пайдалануға беріліпті. Юлия Литвинова басқаратын мектепте мыңнан астам бала білім алады. Қазақстаннан келген біздерді көріп, қуанып қалған мектеп ұжымы әсерлі кездеу ұйымдастырды. Іргелі білім ордасының ашылуына Ә.Молдағұловамен бірге соғыста болып, шайқасқан мерген майдандастарының ұсынысы себеп болған екен.
Мектеп жанынан «Алия» телестудиясы мен «Вестник гимназий» атты газет ашылып, жетекшісі Елена Плаицкаяның ұйымдастыруымен жұмыс жасап тұр. Ә.Молдағұлова атындағы музейдегі жәдігерлердің көптігі тіптен қайран қалдырды. Соғыс кезеңінен сыр шертетін небір қару түрлері мен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін дүниелерде рет-ретімен орын тапқан. Музей меңгерушісі егде жастағы Наталья Степанова өзі жетекшілік ететін 1 «б» сыныбының оқушыларын қаз-қатар тізіп, музейде ашық сабақ өткізді. Оқушылар Қазақстан туралы көп мәліметтерге қанық екендігін біз осы шарадан анық байқадық. Қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұлова туралы кеңінен тоқталып, ұлттық қолөнер бұйымдарын өз атауларымен тақылдап тұрып айтып берді.
Ашық сабақ барысында, әсіресе, Әлияның ерлігі, өмір жолы жайлы сөйлеп тұрған кезде қарт ұстаз Наталья Степанованың дауысында ерекше бір көңіл толқынынан туған тербеліс, діріл пайда болып, көзінен мұң байқалып жатты.
– Сіздер білесіздер ме, – деді ол. Мен – Қазақстан жайлы көп оқимын. Себебі, осынау мектептің атауы, осындағы музейдегі жәдігерлер, мектеп алдындағы батыр қызға қойылған еңселі ескерткіш қазақ халқымен етене байланысып жатыр. Ескерткіштің орнатылуының өзі бөлек тарих. Мәскеу қаласының неміс-фашист басқыншыларынан қорғалып қалуына бірден-бір тікелей ықпал еткен күш ол – қазақстандықтардың, Панфиловшылар дивизиясының құрамында шайқасқан тағдырлас-дос қазақ жауынгерлерінің арқасы дер едім.
2005 жылы Ұлы Отан соғысына 60 жыл, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың 80 жылдығы еді. Осынау айтулы мерейтойлық күндерге байланысты мектеп ғимараты алдына ескерткіш орнатылып, салтанатты шара ұйымдастырылды. Онда, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Қырымбек Көшербаев, Мәскеу қаласы мэриясының айтулы өкілдері, Ресейдің Сыртқы істер министрлігі және ТМД елдері елшіліктерінің дипломаттары болды. Сондай-ақ, шараға Әлияның қарулас достары, майдандастары, туған жері Ақтөбе қаласынан делегация, Москвадағы қазақ студенттері мен осындағы диаспора өкілдері жиылды. Шараның ашылу салтанатында елші Қ.Көшербаев сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша осынау ескерткіш екі елдің мәңгілік достығының символы ретінде және бауырлас халықтардың нәубетті жылдардағы қиыншылықтарды бірге еңсергенінің белгісіндей болып, мәңгіге сақталатындығын сөз етті. Біз оның әрбір айтқан сөзін тебіреніспен тыңдадық. Артынан дастарқан жайылды. Елші Қ.Көшербаев жайылған дастарқаннан мектеп ұжымымен бірге дәм ауыз тигісі келетіндігін айтты. Мазмұнды, мағыналы, әсерлі ойларымен бөлісті. Өте қарапайым, мәдениетті, жылы жүзді кісі екен. Ескерткіштің бұдан кейінгі тағдыры, оның күтімі мен бабын біздерге аманаттап тапсырды. Себебі, – деді, ол. Біз бұл ескерткішті Қазақстанда жасаттық, алып-келу, шекарадан өткізу барысында кеден бақылау бекетінде біраз қиыншылықтарға тап болғанымыз жасырын емес. Шекарашылар да, кеденшілер де жауынгер рухына тағзым етіп, түсіністікпен қарап, өткізіп отырды. Осылайша, мінекей, енді сіздерге жеткізіп отырмыз. Әлия екі елге ортақ тұлға. Біз сол елшінің аманатына әлі күнге адалдығымызды танытып келеміз – деді ол.
Ия, айтса, айтқандай-ақ, екен. Шындығында мектеп ұжымы ескерткіштің айналасын күтіп, баптап, тап-таза етіп ұстап отыр.
Қарт ұстаз Н.Степанова біздің қызылордалық делегация екендігімізді, бұрынғы елші Қ.Көшербаевтың қазіргі таңда облыс әкімі екендігін естіген кезде тіптен қуанышында шек болмай, мейірім толы көздерінде ерекше бір қуаныш пайда болды.
Мектептегі кездесуден соң, қайтар сәт келген кезде қазақ дәстүріне сай қолын жайып, қонақтардан бата сұраған Наталья ұстаз біздерді тіптен қайран қалдырғаны жасырын емес.
Жарқ еткен жұлдыз жатқан жер
Мәскеуде Ваганьково атындағы зират бар. Негізін сонау 1771 жылдардан бастайды. Осы жылдар аралығында бұл қорымға 500 мыңнан астам мәскеулік жерленген деген деректер бар. Түрлі ұлт, түрлі дін, түрлі халықтардың өкілдері мәңгілікке байыз тапқан мекенде Қызылорданың тумасы, небәрі 23 жасында жұлдыздай жанып, жарық ете өте шыққан шығыс жастарының жалынды жетекшісі, қайраткер Ғани Мұратбаев бабамыздың да сүйегі жатыр. Делегация мүшелері зират басына барып, Ғ.Мұратбаевтың құлпытасын тауып, құраннан дұға бағыштадық. Құдіреттің күшін қараңыз! «Сыр медиа» ЖШС бас директорынынң орынбасары, ішіміздегі жасы үлкеніміз Қ.Әбдуов қоңыр даусымен құран оқып, фатиха мен ықыластан қайырып, қолымызды жая бергенде аспаннан жаңбырдың селдетіп құйып берген-ді. Бейне бір, бір ғасыр бұрын жерленген баба рухы біздердің осында келгенімізге, құраннан дұға бағыштағанымызға жылай разы болғандай. Осы сәтте «Өлі разы болмай, тірі байымайды» – деген аталы сөздің ойға орала кеткені. Ақиқаттан алыс емес сірә...
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті
Іс-сапардың екінші күні іргетасын сонау 1755 жылы Петр қызы Елизавета патшайымның жарлығымен қалаған әйгілі Мәскеу мемлекеттік университетінде жалғасын тапты.
Дәстүрлі конференцияны журналистика факультетінің деканы, профессор Елена Вартанова ашып, алыс-жақын шет елдерден келген қонақтармен таныстырды.
Бұл шараға 10-нан астам шетелден және ТМД-ның бірқатар елдерінен 150-ден астам медиаэксперттер, делегаттар келген екен.
Х халықаралық оқылымдар «БАҚ-тың сандық түрленуі: аймақтық, ұлттық және глобалды мәселелер» атты конференцияда сөз сөйлеген профессор Е.Вартанова:
– Журналистика тың бет бұрыстармен бетпе-бет келді. Енді жаһандану жағдайында БАҚ дамуы қалай жүреді? Оған цифрландырудың әсері қандай? Осы сұрақтарға бірге жауап іздеп, тиімді жол табу үшін жиналдық, – деді.
Пленарлық отырыста Италияның Перуджи университетінің профессоры Паоло Манчини, Хельсин университетінің (Финляндия) профессоры Ханну Ниеминен, Нортумбрия университетінің профессоры (Англия) Массимо Рагнед өз ойларын ортаға салды.
Ал, секциялық отырыста «ТМД-дағы журналистік білім беру мәселелері» атты дөңгелек үстел басында журналистика саласының өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Онда журналистика және бұқаралық коммуникация университетінің (Өзбекстан) ректоры Шерзод Кудратходжаев, Беларусь мемлекеттік университеті журналистика факультетінің деканы Ольга Михайловна, Тампере университетінің (Финляндия) профессоры Каарле Норденстренг, Қырғыз-Ресей университетінің профессоры Алексей Куликовский, Санкт-Петербург университетінің профессоры Анатолий Пую және т.б қатысты.
Олар қазіргі медианың динамикасы, заманауи БАҚ құндылықтары, мазмұны мен миссиясы, бұқаралық медианы қалыптастыруда өзекті мәселелер мен перспективалары, журналистерді заманауи медиаға дайындау міндеттері мен проблемалары, дәстүрлі басылымдардың бүгіні мен келешегі тақырыбында өз ойларын ортаға салып, журналистиканың жаңа бағыт-бағдарын бағамдауға тырысты.
Облыс әкімінің кеңесшісі, Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі Динара Бисембина жаңа медиа және олардың жұмыс жасау принциптері, жастар аудиториясын тартудың тиімді жолдары жөніндегі ойын ортаға салды. Ал, «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Қаныбек Әбдуов дәстүрлі және жаңа медианың проблемалары мен перспективаларына тоқталды.
Жалпы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жаңа медианы қолдану аясы бізді қызықтырды. Журналистика факультетінің мультимедиялық орталығында студенттер аудио, видео хабарлар дайындап, ақпараттық салада бәсекеге қабілеттілігін шыңдауда.
Тіпті, мектептерде сайт жұмысы жолға қойылып, бұқаралық медианың дамуына белсенді үлес қосып жатқаны азаматтық қоғам белсенділігінің жоғары деңгейде дамып кеткендігін айғақтайды. Осынау конференция барысында жастары 70, 80-нен асқан егде кісілерді де көзіміз көрді. Қоғамдағы орын алып отырған өзекті мәселелерге үн қосып, ұсыныстарын айтып, түйінді түйткілдердің тарқату жолдарымен өзіндік ой-пікірлерін бөлісіп отырды. Біздегі кейбір шетін психологиялық түсініктерден ада. Яғни, «зейнет жасына таядым, ендігі бәске не керек» – деп отырған олар жоқ. Қайта заман ағымынан шет қалмай жанталаса еңбек етуге шақырып, сандық технологияны игеруді үндеп, шет тілін әсіресе, ағылшын тілін меңгеруді насихаттап, көздерінен жалын атып тұрған жасы егде тартқан адамдар көп. Яғни, көргенді ақсақалдары көп ел екендігін байқадық. Конференцияның пленарлық және секциялық жұмыстарының 70 пайызы ағылшын тілінде өтті. Бұған қатысқан орыс журналистері мен университет мұғалімдерінің дені ағылшын тілінде сайрап тұрды десек қателеспейміз. Ормандай ұйыған қалың орыстың ортасында өткізілген халықаралық шараның ағылшын тілінде өткізілгеніне қарап-ақ, ағылшын тілінің мәртебесін бағамдай беріңіз.
Ұлы Абай Мәскеу төрінде
Іс-сапардың үшінші күнін қаланың қақ ортасындағы «Чистый Пруд» атты әсемде көрікті саяжайдан бастадық. Мөлдір суында үйректер жүзіп, оған ерсілі-қарсылы өтіп жатқан адамдар жем шашып, өзінше қызыққа батып жатқан саяжайдың біз үшін өзіндік орны бар. Себебі, айналасы қалың ағашпен көмкеріліп, су тоғанын бауырлай орналасқан алаңқайда Ұлы Абайдың алып ескерткіші орын тепкен. Одан әрірек Қазақстан Республикасы елшілігінің ғимараты тұр. Бұл жерден өтіп, жерасты метросымен зулай отырып, университетке жетіп бардық. Конференция жұмысы қорытындыланды.
Талай қазақ баласы оқып жатыр Мәскеуде
Ия, бұл шаһарда талай қазақ баласы оқыды, әлі де оқып жатыр. Мемлекеттік бағдарламалармен және жекелей күшіменде оқуға түсіп жатқан жерлестеріміз аз емес. Соның ішінде өзіміздің қызылордалық жастар да көп. Бұған соңғы жылдары яғни, 2014 жылы Қызылорда облысы әкімдігі мен Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындары арасында өзара екі жақты келісім негізінде қол қойылған меморандум аясында Мәскеу және Санкт-Петербург университеттеріне оқуға түскен қызылордалық жастарды қосып қойыңыз. Қарасы тіптен қалыңдай түспек. Облыс әкімдігінің бастамасымен Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты есебінен бүгінгі таңда бұл жақта облыс мектептерінің 436 түлегі білім алуда. Оның ішінде Мәскеу Ұлттық технологиялық зерттеу университетінде 19 мамандық бойынша 218 студент, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік университетінде 22 мамандық бойынша 122 студент, Санкт-Петербург мемлекеттік өндірістік технология және дизайн университетінде 10 мамандық бойынша 112 студент білім алуда. 2018 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы оқу орындарынан 74 түлек оқуын тәмамдапты. Бүгінгі таңда бұлардың бірқатары жұмысқа қабылданып, енді қалғандары магистратураға түсіп оқуын жалғастырып жатыр. 2018-2019 оқу жылында аталған жоғары оқу орындарына қызылордалық 58 бала оқуға қабылданыпты.
Елден келген біздер осындағы қызылордалық жастармен кездесуді жөн көрдік. Жолбасшымыз Д.Бисембина студент жастардың белсенді мүшелерімен алдын ала сөз байласып, кездесетін уақытты белгілеп қойыпты. Университеттің мәжіліс залына кешкісін сағат 17.00-де жиналдық. 80-ге жуық студент келді. Бізді көріп, қуана сәлемдесіп, елдің жайын сұрасты. Д.Бисембина және Қ.Әбдуовтер ортаға шығып, сөз сөйлеп, шәкірттерге Қызылорданың ыстық ықыласын жеткізді. Оқуда озат болуға үндеді. Елдің үкілеген үміттері екендігін естеріне тағы бір салып өтті.
Студент жастар үшін – деп, елден жолға ала шыққан дастарқан-дәмдеріміз бар болатын. Ортаға жайып, ұсындық. Қуанып кетті. Құрт-ірімшік, қазы-қарта, бауырсақ, шұбат тағамдарды тамсана алып, рақметін білдірді. Біздің келгенімізге алғаусыз алғыстарын айтып, өздеріне осындай оқу орындарында оқуға мол мүмкіндік туғызған облыс әкімдігіне ризашылықтарын жеткізді.
Сапардың соңғы күні түйгеніміз
Мәскеу шындығында алып шаһар. Жерасты жолдары, метро желілері, трамвай, троллейбус, үлкен сиымдылықтағы автобустар, ерсілі-қарсылы ызғыған сары түсті шағын таксилер қала қозғалысын күрделілендіріп тұр. Дегенмен, көліктер тығыны аз. Жүргіншілердің, автожүргізушілердің бір-біріне деген құрметі ерекше. Ешкім-ешкімді жолдан ығыстырып, қысып, алакөзденіп, жанжалдасып жатқан жоқ. Мәдениетті. Сыпайы. Бұрылыс шамын жаға қойса, жолдың келесі бетіне бір-бірін оңай өткізіп жібереді. Ал, метро станцияларындағы қарақұрым халықтың бір-біріне иық соғыстырмай оңай жүріп, соқтығыса қалған жағдайда күліп қана кешірім сұрай өте шығатын қасиеттері тіптен ерекше.
Таксилердің дені қырғыз бауырларымыз екен. Ал, дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарында және көше тазалығында қызмет жасаушылар өзбек, түркімен және басқа да түркі текті халықтар. Әр көшеден, әрбір әлеуметтік нысаннан қаракөз бауырластардың кемінде бірді-екеуін кезіктіресіз. Жеке дара әңгімеге тарттық. Ресей азаматтығын алып алғандар. Отандарынан көшкендеріне арысы 10-15 жыл, берісі 4-5 жылдың жүзі болған. Бізге қызыға да қызғанада әңгіме айтып қалды.
– Қазақтардың тұрмыс деңгейі жақсы ғой. Көбісі қыдырып келеді, енді басқалары студенттер – дейді такси жүргізуші бауырлар.
Біз өзіміздің қазақ тілінде ал, олар өз тілдерінде шүйіркелесіп, еркін түсінісіп отырдық. Қайран, қандастар! Құдай кешегі өткен қазақтың пейіліне, ниетіне қарап, осыншама ұлан-ғайыр жерді берді. Бүгінгі ұрпақ, соның қызығын көріп, несібесін жеп отырмыз. Ел аман, жұрт тыныш. Жастарымыз жат жұртта жәутең қақпай, еңсесін тік ұстап, оқу-білім алып жатыр. Тәңірі тек ауызбіршілігімізден айырмасын. Ырыс ынтымаққа барады деген аталы сөз бар. Ырысымыз арта берсін!
Нұрболат Сәдуақасұлы,
ҚР Журналистер одағының мүшесі.
Шиелі-Мәскеу-Шиелі