Жапония Түркістандағы алып құрылысқа ат салысуға тиетті
Жапониялық бизнесмендер Түркістан қаласындағы құрылысқа қатысуға ниетті. Нақтырақ айтсақ, күн шығыс елінің кәсіпкерлері киелі шаһарда бой көтеретін нысандардың инфрақұрылымын, су және кәріс жүйелерін тартуға ықылас танытып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев пен Қазақстандағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабатаның кездесуінде айтылды. Шаһар басшысы кездесуде елші мырзаға жақында ғана Елбасының Түркістанға келіп, қаланың даму жөніндегі бас жоспарын бекітіп, арнайы экономикалық аймақ құру жөнінде екі жарлыққа қол қойғанын жеткізді. Сонымен қатар Түркістанға инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.
Алдағы уақытта инновациялық технологиялар саласында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін мәлімдеді. Өз кезегінде елші мырза да Түркістан облысы мен оның ішінде рухани шаһармен тығыз байланыс ортанып, ынтымақтастықты арттыруға ниетті екенін жеткізді.
«Түркістан қаласы облыс орталығы болғандықтан қазір мұнда үлкен өзгерістер орны алып жатыр. Халықаралық тиуризм, әкімшілік іскерлік орталықтары бой көтереді. Түркістан түркі дүниесінің орталығына айналады. Инфрақұрылым, қызмет көрсету салалары дамиды. Біз Түркістан шаһарымен іскерлік байланыс орнатып, ынтымақтастықты арттыруға ниеттіміз. Қазір зерттеп, зерделеп қаланы амытуға қатысты жобаларымызды бірге іске асырамыз деген ойдамыз», - дейді ҚР Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата.