Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз орталығынад "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасының екінші кезеңі туралы брифинг өтті. Шараны  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Махановпен облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының  директоры Нұрлыбек Мыңжас жүргізді.
 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.
Аталмыш жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту.
Естеріңізге сала кетейік «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарын анықтау бірнеше кезеңнен өтеді.
Бірінші кезең: өтініштер қабылдау кезеңі. Кез келген жобаға қатысатын адам 100 платформасына кіріп өтінім парағы толтырады.
Келесі кезеңде арнайы жұмыс тобы мен сарапшы коммисия келіп түскен өтінімдермен танысып, іріктеу жүргізеді.
Елімізідің «100 жаңа есімі» атына лайық кейіпкерді халық өзі таңдайды. Мәселен іріктеу кезеңінен өткен қатысушыларға онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталады.
Бағдарлама басталған 2017 жылы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына  2000-нан астам үміткер қатысып, олардың ішінен 300 азамат арнайы комиссияның сараптауынан өткен. 3 апта ішінде 342 910 адам 1 376 396 дауыс берген.  Дауыс беру нәтижесінде 102 жеңімпаз анықталды.Жеңімпаздардың 102 болу себебі, онлайн дауыстардың қорытындысы бойынша 2 үміткер жеңімпаз жинаған дауысқа өте жақын болғандықтан қосылды.
Жеңімпаздар әр сала бойынша анықталды.
Спорт саласы бойынша – 13;
Ғылым бойынша – 18;
Мәдениет саласы бойынша -10;
Медицина саласы бойынша – 18;
Бизнес саласы бойынша – 13;
Қоғамнан – 30 азамат жеңімпаз атанды.
Айта кету керек, жобаны Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жүзеге асыруда.
Аталмыш жобаға біздің өңірден 84 азамат үміткер ретінде тіркеліп, 4 азамат жеңімпаз атанды. Олар: белгілі хирург дәрігер Болатбек Баймаханов, тоғызқұмалақтан 4 дүркін әлем чемпионы Әсел Далиева, селекционер ғалым Александр Николаевич Подольских, аудармашы, педагог-псхолог Сымбат Әбдірахманова. Аталған жеңімпаздардың әрқайсысының табысқа жету тарихы, өзгеге үлгі етер өмір жолы бар.
20 қыркүйек 2018 ж. 1 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930