Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘРТЕБЕЛІ МЕЙМАНДАР БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

МӘРТЕБЕЛІ МЕЙМАНДАР БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

"Жаңадария" каналының Бесарық ауылына кіреберіс тұсынан ашылған жаңа көпірдің ашылу салтанатынан кейін облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев бастаған мәртебелі меймандар ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты.
Ауыл әкімі Н.Жүсіпова мен "Абай-Дәулет" ЖШС директоры М.Сәрсенбаев орталық алаңды абаттандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеуден өткізу бағытында атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Ауылдық мәдениет үйінде "Әжелер" ансамблі өз өнерлерін көрсетіп, меймандар қолөнер бұйымдарының көрмесін көрді.
Ауылдың даму қарқынына жоғары баға берген құрметті қонақтар Бесарық елді мекенінің алдағы уақытта биік межеден көрінуіне тілектестігін білдірді.
Мұнан соң мәртебелі меймандар мен ауыл жұртшылығы егін науқанының басталуына арналған іс-шараға қатысты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Сырдария Ауданының Әкімдігі ФБ парақшасынан
10 қыркүйек 2018 ж. 3 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (9324)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031