Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістанда «Өлкетану» оқулығының тұсаукесері өтті 

Түркістанда «Өлкетану» оқулығының тұсаукесері өтті 

Түркістан қаласында «Өлкетану» оқулығының тұсаукесер рәсімі өтті. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7 сыныптарына арналған оқулықта Түркістан облысының географиялық ерекшелігі, аумақтық орны, өңірдің әдебиеті мен мәдениеті, тарихы мен өнері толық қамтылған. Сондай-ақ облыс аумағындағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі, археологиялық және этнографиялық зерттеулер, жергілікті туризм мүмкіндіктері туралы ақпараттар ұсынылған. Оқу құралы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған еліміздегі әрбір жас ұрпақтың ұлттық санасы кемел, өзінің туған жерінің тарихы мен бүгінін терең білетін азамат болып өсуін басты бағдар етіп ұсынады. Әзірге оқулықтың 35 мың данасы шығарылған. «Болашақта оқушылар санының артуына қарай тағы да көбейтілуі мүмкін», – дейді мамандар. Жиынға облыстық білім саласының басшылары мен оқулық авторлары және мұғалімдер қатысты. Ардақ Садықова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары: – Бұл жұмысқа өлкеміздегі тарихшылар атсалысты. Әр ауданның білім саласы өздерінің жинақтаған дүниелерін жіберді. Сонымен қатар мәдениет басқармасымен біріге отырып, музей, театр жұмысындағы құндылықтарды кіргіздік. Өмір Шыныбекұлы, оқулық авторы, тарих пәнінің мұғалімі: – Пәннің мектеп бағдарламасына енгізілуі уақытылы болды деп ойлаймын. Өкінішке қарай, қазір 3 жылға 20 сағат бөлініп отыр. Бірақ түбінде аптасына кемінде 1 рет өтетін сабақ болатын шығар деп ойлаймыз. Біздің өңір өте үлкен, сондықтан 20 сағатта оның бәрін қамту мүмкін болмады. Сондықтан біз басты дегендерін алдық.

www.24.kz
31 тамыз 2018 ж. 857 0